Жемқорлыққа жол жоқ

  • 09.04.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 1336
  • |
  • 0

Жемқорлыққа жол жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Біздің қоғамда мұндай әрекеттерге орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субьектілеріне мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметтен бастауға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатылуға дейін жазаланады.

Сыбайлас жем қорлық тек парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен жерлестік, тамыр таныстық байланыстар оң ықпал етеді. Сол байланыстар арқылы өздеріне, сана-сезімдері мен білік-білімдеріне лайықсыз болса да, лауазымды орынға әлдекімдердің демеуімен келген біліксіздер, бұл жемқорлықтың нағыз бастау алар тұсы.

Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.

Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті, мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және жояды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономитканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсірмеуге ықпал жасайды.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

 

 

 

Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру, құжат айналымы және персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы Айзат Нургисаевна Мамырбаева

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!