Жемқорлыққа қарсы күрес1
- 27.12.2018
- |
- 0
- |
- 1051
- |
Дата письма 27.12.2018
Жемқорлыққа қарсы күрес
Қазіргі қоғам күрделі заңдардан тұрады. Қай салада болмасын заңға жүгініп, жұмыс істеген тиімді. Кейде адамдардың рухани сауатсыздығынан заңсыз әрекеттерге жол беріліп жатады. Әсіресе, қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлық көпшілікті зар илетіп жатқаны.Сыбайлас Жемқорлық қазіргі таңда ең жоғорғы деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның өз қалыптасу тарихи ерекшеліктері бар. Жемқорлық қазіргі кезде ғана емес сонымен қатар бұрыннан келе жатқан пара алу және пара беру құбылыстарынан бастау алады.Қазақта «періште алтын көрсе жолдан таяр»- деген бекер шықпаса-мыс.Оны тарихтың сан қилы әрекеттерінен байқауға болады.Халық мүддесі үшін жұмысқа тағайындалатын қызметкердің мұндай әрекеттерге баруы көпті толғандыратыны анық. Соңғы кездері бұл әрекеттердің белең алуы салық органдарында да байқалып жүр. Әрине көптің көзіне айту артық болар, солай бола тұра мемлекеттік қызметкер санатына енерде ант қабылдай отырып мұндай келеңсіз әрекеттер кездесіп жатады.Негізінен оның себебін ондай әрекетке барған жеке адамнан іздеуге болмайды.Ол үлкен қоғамдық мәселе болып табылады...
Жемқорлыққа қарсы күрес Ел басымыздың әрбір жолдауында үлкен мәселе ретінде қаралатыны анық. Ол да мемлекеттік саясаттың негізгі приоритетттерінің бірі болып отыр. Осы саясаттағы басты қадағалау ең басты салық органдарына түсуде. Әрине оныңда өзіндік орны ерекше. Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін арнайы мекемелер мен мамандарға қатаң тапсырмалар берген. Ал, мемлекеттік қызметкерлер арасынан заңсыз іс-әрекеттерге барғандарды қатаң жазалауды ұсынды. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сыбайлас жемқорлық туралы арнайы заңымыз бар. Заңға уақыт өткен сайын тиісінше түзетулер мен өзгертулер енгізіліп отыр. ҚР бұл Заңы барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты. Егер заң шеңберінен шығып, шектен тыс құқық бұзушылықтар орын алатын болса, ол үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза әкімшілік жауапкершілік пен шара тиісінше ҚР қылмыстық кодексінде көзделген.
Автор: Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Бас маман, есеп-қисап,талдау бөліміТурсынбаева А.Е
Комментарии