«Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы бойынша заңамаға енгізілген өзгерістер туралы»

  • 19.11.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 975
  • |
  • 0

Дата письма 19.11.2019

«Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы бойынша заңамаға енгізілген өзгерістер туралы»

 

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі мүлік салық салу объектісі болып табылады.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салық салу объектісі болып табылады.

Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді, ал төлемді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізілуі тиіс.

         Сонымен, 2017 жылдың мүлік салығын 2018 жылы төлеу қажет. Бұл өзгерістер салық кезеңінің ішінде мүлік иесі ауысқан жағдайда салық төлемдерін қайта есептеуді шегереді.

         Келесі өзгерістер бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсiне қатысты. Енді 2016 жылдың 31 желтоқсанынан кейін тіркелген ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсiне үшiн салықты меншік иелерінің келесімі бойынша таңдалған иесі төлей алады.

         2017 жылдан бастап III топ мүгедектеріне 1500 АЕК көлемінде барлық мүлік салығы нысаны құнынан жеңілдік беріледі.

 

Сұрақтар бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына келесі адрес бойынша жолығуыңызға болады. Алматы қаласы Шұғыла ықшамауданы  347/2.                                                                            

 

Автор: Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы Болсамбай А.К.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!