Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 20.06.2023
- |
- 0
- |
- 424
- |
Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Ахмет Жубанов 16 көшесі, 206 бөлім, өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы Жанатбеков Р.Ж.
Тақырып «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 630 бабына сәйкес
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.
2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
Комментарии