Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық
- 05.12.2019
- |
- 0
- |
- 1173
- |
Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық
Жеке тұлға өсімпұл сомасын есептен шығару Ережесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 7 шілде №1773 бұйрығымен бекітілген. Жеке тұлға берешек сомасын есептен шығаруға 2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған берешегі сомасы төлем күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары болып есептелінеді.
2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, айыппұлдар салық төлеуші 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері бойынша салық міндеттемелері бойынша пайда болған берешек сомасын толық төлеген кезде есептен шығарылады. Бұл жағдайда айыппұл берешек төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрі бойынша есептен шығарылады. Бұл ереже салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаға, кәсіпкерлік қызметке, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың қызметіне байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша қолданылады.
2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген берешегінің сомаларына, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген берешегі сомасына есептелген өсімпұл сомалары есептен шығарылады.
Егер салық төлеуші ағымдағы жыл барысында негізгі соманы және өткен жыл үшін өсімпұлды төлеген болса, өсімпұл сомасы қайтарылуға жатады. Бұл үшін, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары мен кеңсесіне өтінішін тапсыруы қажет. Сонымен қатар салық төлеуші электронды түрде «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы; «ХҚКО»; «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www.egov.kz. салықтықтық өтініш беруге болады.
Автор: Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Есеп және талдау бөлімі
Комментарии