Жасөспірімдердің еңбек құқығы
- 29.10.2019
- |
- 0
- |
- 3618
- |
Жасөспірімдердің еңбек құқығы
Кез келген жұмысшы өзінің құқығын білуі тиіс. Алайда, қазіргі күннің өзінде жасөспірімдерді ескермеген жағдайда, ересек азаматтардың өздері еңбекке қатысты құқықтарын біліп жатпайды. Жасөспірімдердің еңбек құқықтарын білмеуі, келісім – шартты дұрыс қарамауында немесе жұмыскерлік тәжірибесі болмауына қатысты болып жатады.
Ендігі кезекте «еңбек құқығы» туралы сөз қозғап кетейік. Еңбек құқығы жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы болып табылады және ҚР Конситуциясына сәйкес әрбір азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еңбек заңнамасында 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі, бірақ мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.
ҚР Еңбек кодексінің 10 – бабына сәйкес, еңбек қатынастары, сондай – ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімінде және ұжымдық шартта реттеледі. Жасөспірімдердің келісім - шартқа қол қоймас бұрын ескеруге қажетті талаптары: еңбек шартының нормасы заңға сәйкес болуы, жұмыс уақытының дұрыс белгіленуі, қызметкер жұмыс орнында жарақат алса жұмыс берушінің әлеуметтік жәрдемақы төлеуге жауаптылығы және ең бастысы, келісім – шартты өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға құқылы болуы тиіс. Сондықтан, ен бірінші, келісім шартқа қол қоймас бұрын, оны мұқият оқып шығу керек.
Осы тұста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ұстаздары өз студенттерін жеке және еңбек құқықтарын білуге жетелейді.
Автор: Материалды дайындаған: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы А. А. Есекеева
Комментарии