Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі салықтық органдардың тарихы.
- 31.07.2019
- |
- 0
- |
- 945
- |
Дата письма 31.07.2019
Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі салықтық органдардың тарихы.
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін 1991 жылы елімізде салық органдары құрылды. Салықтық есептемелер тек «қағазды» түрде салық маманы ғана қабылдап алатын. Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға есеп жүргізілмейтін. Салық бағдарламалары әр бөлімде жеке болатын еді. Жалпы қала жүйесі емес,аудан көлеміндегі бөлімдердің компьютерлік бағдарламаларында өзара байланыстар болған жоқ. Салықтық тексерулер және есеп қабылдау «қолды» әдістермен жүргізілетін де, журналдарға тіркелетін. Одан бері келе Алматы қаласы бойынша ғана салықтық бағдарлама «телнет» енгізілді. Ол Алматы қаласы бойынша болғанмен тек өз аудан көлемін ғана қамтыды. Басқа аймақтармен,мемлекеттік мекемелермен, сот, прокуратура орындарымен байланыс жасау үшін немесе кездесу тексерулерге хат жазылып, оның апталап және айлап жауап күтілетін.
2003 жылдан бастап республика көлемінде «Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі» енгізілді. Салық төлеушілерді жаңа жүйеге Барлық салық жүйесі бір бағдарламаға (БСАЖ) біріктірілді.
2009 жылы заңды және жеке кәсіпкерлердің есептері біріктіріліп, «Салық есептерін өңдеудің жүйесі» енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 6 тамызындағы №475 жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа реформа жүргізілді. Сол жылғы 15 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №933 Қаулысымен қалдырмауды көздеген қадам.
Салық саласында 23 жыл тапжылмай адал қызмет етіп,қазіргі уақытта лайықты зейнеткерлікке шыққан А.Анапияеваның пікірінше:
«Қазіргі уақытта өзіміз күнде көріп жүрміз,мемлекеттік қызметтің алудың басым бөлігі «бір терезе» әдісіне біріктірілген. Бұл жағдайда,салық төлеушілер «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы қызмет алады. Бұл әдіс мемлекеттік кірістер органдарындағы жемқорлықты болдырмаудың,салық есептілігінің айқындығын және салық түсімін арттырудың бірден бір жолы болып табылады.
Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге өз дәрежесінде ықпал етіп, мемлекеттік қызметтің заманауи деңгейіне көтерілу үшін мемлекеттік кірістер органдары әлемдегі озық үлгідегі стандарттарға бой түзейді.
Қай мемлекетті алмайық, олардың экономикалық әлеуетінің функциясы деп САЛЫҚТЫ санауға болады. Демек, мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері — салық органы.
Комментарии