Тіл өлсе, ұлт жоғалады
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 11.09.2023
- |
- 0
- |
- 761
- |
Тіл өлсе, ұлт жоғалады
«Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен» деп Қадыр ақын айтпақшы, тіл дегенде тебіренбейтін жандар аз шығар. Тіл – бір ұлттың, тұтас халықтың баға жетпес қазынасы, ең құнды байлығы. Біздің ана тіліміз сан ғасырдан бері түрлі жолдардан, кезеңдерден өтіп, аман-есен бүгінгі күнге жетті.
Тіл өлсе, ұлт жоғалады. Тілден өзге ешбір ерекшелік ұлтты ұлт ретінде сақтап қала алмайды. Тіл мәңгілік құндылық. Сол құндылықтың жойылмауына сіз сөйлеу мәдениетіңізді қалыптастыру арқылы үлес қосасыз.
Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуы мен жоғалуына да себеп болатын – халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» - деген болатын. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған да Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).
Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық жазылған. Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту, сындарлы тіл саясатын жүргізу, сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздіктің, мемлекет тұрақтылығының бір кепілі болып табылады.
Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы. Әр ұлт өз тілін келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл – ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Жаһандану кезінде ана тіліміздің жұтылып кетпеуі үшін ұл-қыздарымызды тілін, дінін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, құрметтеуге, тілдің көркемдігі мен байлығын үйретіп, оны мақтан ете білуге тәрбиелейік. Өйткені тіліміз – ұлттың айнасы, елдің, қоғамды біріктіруші қуатты күш.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
жеке кәсіпкерлерді және
жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің
бас маманы Айбек Абзалұлы Манатов
Комментарии