Технологиялық сауаттылық

  • 23.11.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 2548
  • |
  • 0

Дата письма 23.11.2018

Технологиялық сауаттылық

 

    Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

    Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру үшін де технологиялық сауаттылық қажет. Бұл жердегі негізгі фактор Елбасының 2017 жылғы халыққа жолдауында айтылған төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болмақ. Бұл дегеніміз – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы сол сияқты міндеттер. Ал мұның бәрі технологиялық сауаттылықты қажет етеді.

    Болашақта біртіндеп жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сондықтан да, енгізіліп жатқан еңбек нарығының жаңғыруына байланысты енгізіліп жатқан жаңа технология міндеттеріне жауап бере алатындай жас кадрларды даярлап шығару және  IT-білімді меңгеруіне жағдай жасау – осы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндеті. 

Автор: УГД по Наурызбайскому району г.Алматы главный специалист отдела информационных технологий Каржаубаев Н.Т.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!