Тері бұйымдарды таңбалау

  • 22.10.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 853
  • |
  • 0

Тері бұйымдарды таңбалау 

        Тері бұйымдарын таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаның қатысушылары, 2018 жылғы 11 қаңтардан бастап үшінші елдерден тері бұйымдарын импорттаған кезде, тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, «импорт» ретінде тері бұйымдарын таңбалау қажет. 

Сонымен қатар, Бірлескен бұйрықпен бекітілген Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз ететіндігін хабарлаймыз. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

Сонымен бірге, Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 23-тармағына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде кедендік рәсімдермен орналастырған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді. Кәсіпкерлер енді тері бұйымдарына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін басылғаннан кейін ғана сатуға (оның ішінде сату/қайта сату кезінде тері бұйымдарын өндіру импортынан соңғы өткізгенге дейін) міндетті.  Бұл норма бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіруге ықпал етеді, нарықты заңсыз өнімдерден қорғайды және зияткерлік меншікке құқықтардың сақталуына мүмкіндік береді.

Осылайша, көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады.

Тауарларды таңбалауды жүргізудің тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша - 1432, +7 7172 71 80 10, +7 7172 71 81 95 нөмірлеріне жүгініңіз;

«Тауарларды таңбалау» жүйесінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша - 1414 біріңғай Байланыс орталығына жүгініңіз;

 

Автор: Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша МКБ-ң КОШ ЖСӘ бөлімінің басшысы Сатанов Б.С.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!