Темекі өнімдерін таңбалау мақсаты
- 29.09.2021
- |
- 0
- |
- 886
- |
Номер письма 29.09.2021
Темекі өнімдерін таңбалау мақсаты
Тауарды оның қозғалысының барлық кезеңдерінде кешенді бақылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығымен темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидалары қолданысқа енгізілді.
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды одан әрі қадағалау тәртібін анықтайды.
Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады.
Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өңдірілген темекі өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе темекі өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.
Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралы ЕСС-200 және АSCII кодтау қателерін түзету әдісін қолданумен темекі өнімдерінің тұтыну (ал ол болмаған кезде материалдық жеткізгіш) және топтық қаптамасына екі өлшемді матрицалық штрих код түрінде салынады.
бірінші топ он төрт саннан тұрады және тұтыну қаптамасының тауар кодын (GTIN) қамтиды (бірінші сан 0 және қалған он үш сан – GTIN коды);
екінші топ жеті символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тұтыну қаптамасының жеке сериялық нөмірін қамтиды;
үшінші топ сегіз символдан тұрады (цифр, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) және тексеру кодын қамтиды.
Тұтыну қаптамасын сәйкестендіру құралы DataMatrix форматында екі өлшемді штрих код түрінде ұсынылады.
Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Баразан Ұ.Е.
Комментарии