«Түбіртекті талап етте – жүлдені ұтып ал!» науқаны жалғасуда❕

  • 01.11.2019
  • |
  • 1
  • |
  • 858
  • |
  • 0

«Түбіртекті талап етте – жүлдені ұтып ал!» науқаны жалғасуда

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.
Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.
Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Автор: Управление государственных доходов по Турксибскому району

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!