Тауарларға ілеспе жүкқұжат
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 29.09.2023
- |
- 0
- |
- 530
- |
Тауарларға ілеспе жүкқұжат
Тауарларға ілеспе жүкқұжат дегеніміз не?
Тауарларға ілеспе жүкқұжат – Салық кодексінде белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат.
Ø ҚР СК 176 бабы. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау (ТІЖ).
Ø 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 Бұйрық. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы.
Ø 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 Бұйрық. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері.
Пилоттық жоба
№ |
Тауар түрлері |
ТІЖ ресімдеу кезеңі |
1 |
Акцизделетін тауарлар бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және ЭШФ Виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарлар бойынша |
2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін
|
2 |
Тауарлар бойынша алып қою тізбесінен ТҚК-ға. |
2021 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін |
3 |
Тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ (бұдан әрі-ЕЭА) аумағына әкелу, тауарларды ЕЭА аумағынан әкету және ЕЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша |
2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін |
4 |
Сұйытылған мұнай газы бойынша |
2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін |
5 |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар, астық және дәнді дақылдардың жекелеген түрлері бойынша |
2023 жылғы 10 ақпанға дейін |
ТІЖ нысаны
Салық салу, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсаттары үшін ТІЖ болып табылады:
Ø Тауар-ілеспе құжат, оның ішінде тауарлардың салық төлеушіге жөнелтілгенін растайтын құжат
Ø Бастапқы бухгалтерлік құжат
ТІЖ қашан жазылуы керек?
ТІЖ ресімделуге тиіс:
Ø Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу және тиеп-жөнелту кезінде;
Ø Тауарларды ҚР-ның аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде;
Ø Тауарларды ҚР-ның аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкету кезінде.
ТІЖ қай жерде жазылады?
Ø ТІЖ электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің Виртуалды қоймасы модулінде электронды түрде жазылады.
Ø Также для удобство налогоплательщикам доступно мобильное приложение ИС ЭСФ, где можно выписовать СНТ электронно.
Ø Сондай-ақ, салық төлеушіге ыңғайлы болу үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы бар, онда сіз ТІЖ-ді электронды түрде жаза аласыз.
Әкімшілік жауапкершілік
ӘҚБтК-нің 283-1-бабы (01.04.2023 бастап) келесілер бойынша қолданылатын болады.
ТІЖ ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау-айыппұл салуға әкеп соғады:
· Жеке тұлғаларға-5 Айлық есеп қөрсеткіші;
· Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-10 Айлық есеп қөрсеткіші;
· Орта кәсіпкерлік субъектілеріне-20 Айлық есеп қөрсеткіші;
· Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-30 АЕК мөлшерінде.
Тауарлар атауының сәйкес келмеуі, Тауарларға ілеспе жүкқұжат-тағы тауарлар санының (көлемінің) анық көрсетілмеуі, сол сияқты Тауарларға ілеспе жүкқұжат -да мұнай өнімдеріне, темекі өнімдеріне, этил спиртіне және алкоголь өніміне, биоотынға арналған ПИН-кодтың дұрыс көрсетілмеуі- келесідей айыппұл салуға әкеп соғады:
· Жеке тұлғаларға-10 АЕК;
· Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-20 АЕК;
· Орта кәсіпкерлік субъектілеріне-40 АЕК мөлшерінде;
· Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК мөлшерінде.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның жекелеген түрлерінің айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің тауарға ілеспе жүкқұжатсыз айналымы мен орнын ауыстыру-келесідей айыппұл салуға әкеп соғады:
· Жеке тұлғаларға - 20 АЕК;
· Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК;
· Орта кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК мөлшерінде;
· Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-тауарды немесе оны өткізуден түскен кірістерді тәркілей отырып, 200 АЕК мөлшерінде.
Жыл ішінде қайта жасалған жағдайда айыппұлдардың 2 еселенген сомасы әкеп соғады.
Алматы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің
жетекші маманы Даукенова Аида Нуркеновна
Комментарии