Тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттары ретінде куәландыру туралы өтініші бойынша.
- 07.08.2019
- |
- 0
- |
- 922
- |
Дата письма 07.08.2019
Тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжаттары ретінде куәландыру туралы өтініші бойынша.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкілері, сондай-ақ осындай ставкілердің мөлшері қолданылатын, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін жүзеге асыруды нақтылайды.
Есепке алу мынадай:
Тізбеге енгізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) баждардың төмендетілген мөлшерлемесі – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баж мөлшерлемесін салыстыру бойынша неғұрлым төмен, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерімен көзделген мөлшерлеменің ең жоғары деңгейінде белгіленетін, кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар;
3) тізбе – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың тізбесі;
4) тізбеге енгізілген тауарлар – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар;
5) тауардың ілеспе құжаттары – "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуді және олардың айналысының кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 Шешімімен бекітілген құжаттар.
3. Есепке алу жүйесі осы Нұсқаулықта Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алу жиынтығы деп түсіну, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың мынадай түрінде:
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттық жүйесінде тіркеуге жататын Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 "Кеден декларацияларын және кеден декларациясының нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық" шешімімен бекітілген (бұдан әрі – тауарларды декларациялау) тауарларға арналған декларацияларды есепке алу;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) жазып беруге және тіркеуге жататын электрондық шот-фактураларды тауарға ілеспе құжат ретінде есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін, тауарға ілеспе құжат ретінде тиісті құжаттарды куәландыру үшін ұсынылған өтініштерді есепке алу;
нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жүйені енгізгенге дейін ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу – осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11, 12 және 13 тармақтарына сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органының тасымалдау құжаттарын куәландыруы;
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін есепке алу жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу.
Автор: Әуезов ауданы бойынша МКБ, кедендік одақ шеңберінде жанама салықтарын әкімшіліктендіру бөлімінің бас мамны Парманова С.М.
Комментарии