Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
- 19.05.2023
- |
- 0
- |
- 720
- |
Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Ахмет Жубанов 16 көшесі, 206 бөлім, өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы Жанатбеков Р.Ж.
Тақырып «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 603 бабына сәйкес
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Салық кодексінің 604-бабы бойынша Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақы төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 605 бабына сәйкес
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № |
Жолдар санаты |
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
2 |
3 |
|
Қалаға кіреберістер |
8 |
|
I, II |
7 |
|
III |
3 |
|
IV |
2 |
Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
606-бап бойынша Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:
1) хабарламада көрсетілген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Комментарии