СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАСТЫ БОРЫШЫМЫЗ
- 27.09.2018
- |
- 0
- |
- 1045
- |
(СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАСТЫ БОРЫШЫМЫЗ)
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі қазіргі таңда Қазақстанда өзекті мәселелердің бірі.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-нарықтық экономиканың дамуына кері әсерін тигізетін, инвестиция тарту мәселесін ақсаңдататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық, экономикалық дамуын баяулататын дерт. Аталмыш дертпен күресу Қазақстан мемлекетінің ең басты міндеті. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сол себепті Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттарының бірі қоғамға дендеп, тамырын жайған жемқорлық деген зұлымдықпен күресу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамдық тұрғыда күш-жігерімізді біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушығып, дендеп кірмеуі үшін оны құрықтаудың барлық амалдарын іске асыру арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Автор: Алматы қаласының Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу бөлімі) Бас маман Масимакынова А.Ж.
Комментарии