Сыбайлас жемқорлықпен күресу- барша халықтың басты міндеті 111
- 22.10.2018
- |
- 0
- |
- 1453
- |
Дата письма 22.10.2018
Сыбайлас жемқорлықпен күресу- барша халықтың басты міндеті
Тамыры тереңге жайылған әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірер қатерлердің бірі сыбайлас жемқорлықтың бүгінгі деңгейі елімізде алаңдатушылық тудырып отырғаны анық. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың айқын басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын азаматтардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін мүліктік пайда алу үшін асыра пайдалануы, яғни қоғамдық қатынасқа қауіпті әрекет жасауы.
Жалпы қоғамдық көзқарас тұрғысынан алғанда, сыбайлас жемқорлық- бұл әр түрлі деңгейлерде, яғни тарихи, әлеуметтік,құқықтық және тағы басқа тұрғыларда қарастырылуы қажет саяси-әлеуметтік құбылыс.
Қазіргі кезде елімізде Мемлекеттік кірістер басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, іске асырылуда. Сондай шаралардың бірі төлеушілердің салық есептіліктерін электронды негізде өткізуіне мүмкіндік беретін Мұнайөнімдері және өзге де акцизді өнімдердің өндірісінің айналымына бақылау, Салық төлеушінің кеңсесі, Салық есептілігін өңдеу жүйесі, Декларант, Сот кабинеті, АСТАНА-1 бағдарламаларының енгізілуін айта кеткен жөн. Аталған бағдарламалар арқылы жылдық, тоқсандық салық есептіліктерін электронды негізде тапсыру үшін әрбір төлеушінің электрондық құжатының дәйектілігін қамтамасыз ететін электронды-сандық қолтаңба, яғни криптокілт қажет. Бұл электронды-цифрлық қолтаңбаны алу үшін төлеушілер орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына электронды төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтініш тапсырады және салық есептілігін тапсыруға арналған электронды–цифрлық қолтаңбаны немесе криптокілтті дайындайды.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мемлекет төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруына үлкен мүмкіндік беріп отырғаныменде, алайда көптеген салық төлеушілердің аталған қызмет түрін пайдалануына әлі де болса білімінің аздығы сыбайлас жемқорлықтың одан әрі өршуіне әкеп соғуда. Сондықтанда осы бағдарламалар және электронды –цифрлық қолтаңбаны алу аясында көптеген шаралар, яғни семинарлар, техникалық оқыту сабақтары және т.б. шаралар өткізіліп тұруы қажет. Сонымен қатар төлеуші мен мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері арасындағы қарым-қатынастың орнауына жол бермеу мақсатында электронды төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған төлеушілердің электронды пошталарына электронды-цифрлық қолтаңбаны жіберуді қамтамасыз ету керек. Сондықтанда болашақта осы ұсыныстың жүзеге асуы еліміздің дамуына зиян келтірмейтіндей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көруге болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барша халықтың басты міндеті екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Автор: Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Туребекова Динара Сейфуллаевна
Комментарии