Сыбайлас жемқорлықпен күресу- барша халықтың басты міндеті

  • 04.10.2017
  • |
  • 0
  • |
  • 2264
  • |
  • 0

Дата письма 04.10.2017

Тамыры тереңге жайылған әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірер қатерлердің  бірі сыбайлас жемқорлықтың бүгінгі деңгейі елімізде алаңдатушылық тудырып отырғаны анық. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың айқын басым бағыттарының бірі  сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын азаматтардың өзінің лауазымдық  өкілеттіктерін мүліктік пайда алу үшін асыра пайдалануы, яғни қоғамдық қатынасқа  қауіпті әрекет жасауы. 

Жалпы қоғамдық көзқарас тұрғысынан алғанда, сыбайлас жемқорлық- бұл әр түрлі деңгейлерде, яғни тарихи, әлеуметтік,құқықтық және тағы басқа тұрғыларда қарастырылуы қажет саяси-әлеуметтік құбылыс.

          Қазіргі кезде елімізде  мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында  көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, іске асырылуда. Сондай шаралардың бірі  салық  төлеушілердің  салық есептіліктерін электронды негізде  өткізуіне  мүмкіндік беретін  СОНО, «Салық төлеушінің кабинеті» бағдарламаларының  енгізілуі болып отырғандығын айта кеткен жөн.  Аталған бағдарламалар арқылы жылдық, тоқсандық салық есептіліктерін электронды негізде тапсыру үшін әрбір салық төлеушінің электрондық құжатының дәйектілігін қамтамасыз ететін электронды-сандық қолтаңба,яғни криптокілт қажет. Бұл электронды-цифрлық қолтаңбаны алу үшін салық төлеушілер  орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша кірістер басқармасында электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтініш тапсырады және   кірістер басқармасында 3-жұмыс күні ішінде өтініш тапсырған салық төлеушіні электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойып, салық есептілігін тапсыруға арналған электронды- цифрлық қолтаңбаны немесе криптокілтті дайындайды. Алайда өз жұмысын уақытынан бұрын бітіргісі келетін кейбір салық төлеушілер сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл жағдай салық төлеуші мен салық қызметкері арасындағы қарым-қатынастың орнауына жол береді. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мемлекет салық төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруына үлкен мүмкіндік беріп отырғаныменде, алайда көптеген салық төлеушілердің аталған қызмет түрін пайдалануына әлі де болса білімінің аздығы сыбайлас жемқорлықтың одан әрі өршуіне әкеп соғуда. Сондықтанда осы бағдарламалар және электронды –цифрлық қолтаңбаны алу аясында көптеген шаралар, яғни семинарлар, техникалық оқыту сабақтары, дөңгелек столдар және т.б. шаралар өткізіліп тұруы қажет. Сонымен қатар салық төлеуші мен салық қызметкері арасындағы қарым-қатынастың орнауына жол бермеу мақсатында  электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған  салық төлеушілердің  электронды пошталарына электронды-цифрлық қолтаңбаны жіберуді қамтамасыз ету керек. Сондықтанда болашақта осы ұсыныстың жүзеге асуы еліміздің дамуына зиян келтірмейтіндей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көруге болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барша халықтың басты міндеті екендігін ұмытпағанымыз абзал.

 

 

Автор: Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы: Әшімақын Жансая Таңжарыққызы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!