Сыбайлас жемқорлықпен күрес (19.04.23)
- 19.04.2023
- |
- 0
- |
- 555
- |
Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес барлық мемлекеттік органдардың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (ары қарай-МКБ) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасында елеулі жұмыстар атқарылуда, біздің ойымызша, мұндай жұмыстарды жүргізу мемлекеттік кірістер жүйесі органдарының ішіндегі сияқты салық төлеушілер арасында да жемқорлыққа көнуге болмайтын оң нәтижеге қол жеткізеді.
Алайда, бұл ешкімге де құпия болмаса керек, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік көрініс сияқты қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда белең алып отыр. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдары үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі, әрі кешенді сипат болып табылады және ол негізгі басымдықтың бірі ретінде белгіленген.
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өзіміздің ішкі құрылымымыздағы сияқты, басқа да мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отырады. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нәтижесі бізден мемлекеттік кірістер қызметі органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты, жемқорлыққа жол беретін «орындар» талданып, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, тұрақты түрде мынандай шаралар жүзеге асырылып жатқандығын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз:
- мәжілістерде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен пара берушілікке қарсы әрекет жасау мәселелері қаралады;
- пара берушілікпен күрестің алдын алу шараларын қабылдау бөлігі бойынша құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырылды;
- салық төлеушілер үшін семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі;
- әкімшілік істерге қатысы бар мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері үшін, «Әкімшілік өндірісінің кезеңдері» жадынамасы жасалды, әкімшілік заңнамалары мөлшерін қолдану бойынша техникалық сабақтар үнемі жүргізіледі;
- мемлекеттік кірістер басқармасына жаңадан қабылданған қызметкерлер жемқорлық қылмыс жасаған мемлекеттік қызмтшілердің ұсталуы туралы бейнежазбамен таныстырылады және тағы басқалары.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер басқармасы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің басты тапсырмаларының бірі - өз қатарымыздың тазалығын сақтау керек деп есептеу қажет, сонда ғана кез келген құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша алдын алу жұмыстарын бір мақсатта жүргізу арқылы жетістіктерге жетуге болады.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің пара алу фактілері бар, алайда көптеген салық төлеушілердің өздері қызметкерлерді пара алуға итермелеп, арандатуға барады, сол үшін өздері де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Алайда, сыбайлас жемқорлық сияқты қасіретті тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс жолға қоюға болады.
Қорыта келе мынаны атап өткім келеді, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайларды жою жөніндегі жоғарыда келтірілген алдын алудың кешенді шараларымен қатар, мемлекеттік кірістер органының әр қызметкері салық қызметі органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен басқа да нормативті-құқықтық актілердің барлық талаптарын орындап қана қоймай, өз бетімен оларды арандатуға немесе басқа да құқықтарына қарсы келетін іс-әрекеттерді жою мүмкіндіктеріне тиісті шараларды қолдануы керек.
Ұйымдастыру жұмысы және персоналмен
жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Н.Даулетбаева
Комментарии