Сыбайлас жемқорлыққа карсы мәдениет және оның ерекшелігі.
- 24.02.2020
- |
- 0
- |
- 1028
- |
Сыбайлас жемқорлыққа карсы мәдениет және оның ерекшелігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнату, бұл еліміздің әрбір азаматы іс –әрекетін қадағалап, жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру міндетті , яғни әр тараптан ыдымақтастық отнату болып табылады. Әрбір азамат немесе лауазымды азаматтар өзіне сеніп тапсырылған міндетті жемқорлық іс-әрекеттен аулақ қызмет жасау және мәдениетін ұстану қажет. Жас мамандар арасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді үнемі белсенді назар аударуға , кеңестер , тәжірбиелік сабақтар жүргізу жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті артыру деп ойлаймын. Бірақ, өкініштісі еліміздің экономикасын көтеру үшін көп күш жұмсалып, барлық күштер тікелей сауда мен халықаралық қатынастарға бағытталды.
Сыбайлас жемқорлықты айқындап қана қоймай, оның кемшіліктерін талдап оны қарастыру керек.
Құқықтық мәдениет құқыққа байланысты белгілі бір көзқарасты, құқықтық білімнің тереңдігін, тұрақты құқықтық бағдарды, тұлғаның рухани құқықтық құндылықтар жүйесін айқындап отырып, құқықтық нормалардың тұлғаның мінез-құлқында әрқашанда, өмірдің қандай жағдайы болмасада бірлік құру ерекшелігімен көрініс береді.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар мәдениетіне сәйкес қәзіргі кезде жаппай тынғылықты жұмыстар атқарылуда. Осындай жұмыстарды, мәдениетті белсенді ұстанса еліміздің әр азаматы болашақта еркін өмір сүреді деп есептеймін.
Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Иманкулова А.А.
Комментарии