Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы
- 20.11.2019
- |
- 0
- |
- 2876
- |
Дата письма 20.11.2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы
Құрметті салық төлеушілер! Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының 12 бабы бойынша келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік жауапты лауазым иелері, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілеттігі бар тұлғалар, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалар (Қазақстан Республикасының президентіне үміткерлер, ҚР Парламентінің депутаттары немесе маслихат депуттары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондайақ, жергілікті сайланбалы өзін өзі басқару органының мүшелерісіз), мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілеттік берілген үміткерлердің қызметтік бабын өзіне, топтардың және қызметке қатысы жоқ басқа мүделерде қолдануға іс-қимыл жасауына жол бермеу мақсатында, осы тұлғалардың ерекшеліктері есепке алынып, сыбайлас жемқолыққа қарсы өздеріне шектеулер қабылдайды.
· мемлекеттік функцияларды атқаруда үйлесімділігі жоқ іс-қимылдар жасамау.
· жақын туыстары, жұбайы және жекжаттарымен үйлесімді қызмет атқармау.
· ресми таратуға рұқсат етілмейтін қызметтік және басқа ақпараттарды мүлік және мүлікке жатпайтын пайдалар табу мақсатында қолданбау.
· ҚР заңдарына сәйкес қызметтік өкілеттілікті орындау барысында сый-ақылар қабылдамау.
Сыбайлас жемқорлық ескеріліп Заңдармен реттелетін жекелей мемлекеттік функцияларды орындау ережесіне басқа да құқықтық нормаларды қолданып шектеулер қойылуы мүмкін.Тұлғалар сыбайлас жемқолыққа қарсы шектеулермен келісімін ұжымдардағы тиісті персоналдарды басқару басқарма қызметіне жазбаша түрде ұсынады.
Тұлғалардың сыбайлас жемқолыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы, лауазымға қабылдаудан немесе жұмыстан босатуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаған жағдайда және әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері болмаған жағдайда олардың мемлекеттік қызметі немесе өзгеде байланысты қызметі тоқтату үшін негіз болып табылады.
Автор: Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Саурамбаев Дәулетқазы Әлімұлы
Комментарии