Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамыздың міндетіміз 18.11.2022

  • 18.11.2022
  • |
  • 0
  • |
  • 604
  • |
  • 0

Дата письма 18.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамыздың міндетіміз

 Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздегі үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Сыбайлас жемқорлық деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Ал орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлық түсінігін пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Ел Президентінің назарында. Ел Президенті Қ.Тоқаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі» деген болатын. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.

Сондықтанда қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің  алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн. Бұл ретте, отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір азаматтың еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуі  отан алдындағы еңбегінің адал атқаруымен тікелей байланысты болмақ.

Автор: Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!