«Сұрақ-жауап» айдары

  • 04.09.2026
  • |
  • 0
  • |
  • 31
  • |
  • 0

Дата письма 02.09.2026

«Сұрақ-жауап» айдары

 

        Сұрақ: Арнайы шот өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қажет па ? Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға банкте арнайы шоты болмаса, қолма–қол ақшасыз төлемді  қалай қабылдай алады?

         Жауап: Сізге, жеке мақсаттағы шотыңызды кәсіпкерлікке пайдалануға болмайды, осыған байланысты  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк 2016 жылғы 31 тамыздағы №207 қаулысына сәйкес қызметтен түскен кірісті есепке алу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға өз қалауы бойынша қосымша ағымдағы шотты ашуға құқылы.

       Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар   табысы  туралы  есепті

«e-Salyg Business»  мобильді  қосымшаның чектері, өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде кірістер тізілімі қалыптастырылады және электронды форматта  жүргізіледі, жүйе салықты өзі есептейді немесе интернет-платформаны пайдалана отырып төлемдерді  ұстап қалу, аударуды жүргізеді. 

Сұрақ: Арнаулы салық режимін пайдалану кезінде өзін-өзі    

     жұмыспен    қамтығандар үшін қандай шарттар қолданады?

          Жауап: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арналған    

     арнаулы салық  режимінің қолдану шарттары:

күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын  айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар болып танылады.

Жалдамалы қызметкерлердің болмауы;

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті болмауы;

4% салық мөлшерлемесі ( ай сайын МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМС 1% төленеді), (ЖТС 0% түріндегі салық алынып тасталады).

Күнтізбелік ай өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

Сұрақ: Патент бойынша жұмыс істеген дара кәсіпкерлер салық режимін қалай шешеді?

          Жауап: Таңдау шектеулі: Егер сіз таңдаған қызмет түрі  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген  қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін болса, онда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы  салық режимінде жүзеге асыруға құқыңыңыз бар  және оңайтылған  декларация негізінде арнаулы салық режиміне тіркеле аласыз.

        Сұрақ: Оңайтылған  декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне қалай  тіркелуге  болады?

        Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде   арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін екінші бөлімінде осы режимге көшу туралы ескертпемен қолданыстағы салық режиміне хабарлама ұсыну қажет, егер мұндай хабарлама табыс етілмеген болса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы болып танылады.

Үкіметтің 21.11.2025 жылғы №994 қаулысына сәйкес өзін-өзі жұмыспен  қамтығандар үшін рұқсат етілген қызметтің түрлері:

 

(Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді).

 

1. 01620 мал шаруашылығына ықпал ететін қызмет

2. 32200 музыкалық  аспаптар өндірісі

3. 43310 сылақ жұмыстары

.....................

4. 43320 ағаш  және  ағаш ұстасы жұмыстары

....................

40. 98100 үй шаруашылықтарының өзі тұтынуы үшін тауар өндірудегі қызметі.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 40 кәсіп түрлері жұмыс жасайды.

 

Автор: Макулбаева Сауле Туленовна Сарайшық ауданы бойынша кірістер ауданы бас маманы.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!