Үштілдік- Заман талабы

  • 11.07.2018
  • |
  • 1
  • |
  • 13658
  • |
  • 0

Номер письма 09.07.2018

                              Үштілдік- Заман талабы

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте; Бүгінгі заман талабы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды , дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азамат болуымызды талап етеді.

Үштілділік- бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылы « Жаңа әлемдегі- Жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында « Тілдердің үштұғырлығы» атты Мәдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Әлемдегі жоғарғы дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтық басты мақсаты да сауатты ұрпақ дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген  ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.  

Тіл- елдің тұғыры, халықтың жаны, ұлттың болмысы....  Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, еліміздің іргетасы да, осы- тіл. Оның біпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Қазақ халқының басында- талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны  тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде атамекен қонысын тастап, босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы- ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі «Өз тілің- бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деп бекер айтылмаса керек. Көп тіл білген адмның қол жеткізері де, қай елге бармасын алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны да ақиқат. Келешекте жеті жұртың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін ұлтың мен жұртыңның жай- күйін әлемге дауысың жететін мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жету үшін, үштілдікті- заманның талабы етті. Сондықтан да еліміздің бәсекеге қабілетті елдермен теңесетін жағдайында осы үш тілді жетік меңгерген білікті манмадардың қажеттілгі артататыны белгілі. Өз ана тілінен бөлек өзге тілдерді де қызығушылықпен меңгеріп жүрген жастар қаншама. Қазіргі заманғы жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Олар өз елімен шектеліп қалмай, шет мемлекеттерге шығып, өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауды мақсат санайды. Алайда «Ещтеңе тіліп айтпас - тіл секілді» демекші, мұңлы үн шерткен мына заманда елдің бір шетін жырласақ кемшіл  тұстарының да шығары анық. «Тілің – тұнығың» деп өнегелі сөздерді судай сапырып, мәнін түсінбей мүжіліп сөйлейтіндер өздерінің осы елдің індеті болып жүргендігін біле ме екен шіркін! Өз тілін шұбарлап сөйлеп, тұнығын майлап жүрген жоғарыдағылар өзге тілде білу туралы тәлім айтқанда, қорғасын құяр көмей шіркін, оттың өтінен жаралған кеуделі қарс айрылып кетердей... Біздің басты кемшілігімізде – осы.

Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық  жерде  жақсы, қалалық  жерде тіл құнарлығы сұйыла түскен.

Ақын Оразақын айтпақшы;

Көрінесің көзге щыққан сүйелдей

Сұрақтар да шпншу болып тиер кей

Құтылмайсың барлық тілді білсең де,

 Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей....

 Ана тілде ата – баба сыры бар

Аудармадан түп нұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де

Ана тілсіз оның қандай құны бар....

Өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екендігін аңғартатын кесек туынды –бұл...

2007 жылы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдау жеткізді. Бұл жолдауда  «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар; қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ  білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі заман – білімділердің заманы. Ақылы мен азуы күшті қасқырлардың заманы. Ғаламын ғаламтормен танитын ұрпақ өмір сүретін заманда үштілділікті талап ету ең дұрыс шешім деп санаймын. Өйткені білімді бесіктен тесікке дейін іздену керек. Сонда ғана арман еткен нәрселеріңді ақиқатқа айналдырып, жетпеген жетістікке жетіп, марқайып отыратын хәлде боласың. Тон – торқа, мал – мүлік, алтын – күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын – тіл байлығы ғана.

 

Автор: Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі Мүсалим Мәдине Кадирханқызы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!