ШОТ-ФАКТУРА

  • 14.07.2020
  • |
  • 3
  • |
  • 2776
  • |
  • 0

Дата письма 14.07.2020

ШОТ-ФАКТУРА

Жалпы ережелер

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:

1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

3) ҚР СК-ің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

4) ҚР СК-ің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:

1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар  желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.

Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.

Шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беру осы баптың 5 – 12-тармақтарында айқындалған тәртіппен, салық төлеуші дербес айқындайтын нысан бойынша жүргізіледі.

 

Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс:

1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;

4) шот-фактура жазып берiлген күн;

5) осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер;

6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;

7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

10) қосылған құн салығының сомасы;

11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды.

Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.

Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 7) – 11) тармақшаларында көрсетілген деректерді қамтитын құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күнін көрсету, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.

Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Мынадай:

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;

2) ҚР СК-ің 386, 447 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

3) ҚР СК-ің 387-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;

4) ҚР СК-ің 393-бабының 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген

шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет еткен және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактуралар жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ, егер заңды тұлғаның атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, мыналарды:

1) осы баптың 5-тармағының 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;

2) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талапты орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлға  құрылымдық бөлімшесінің деректемелері көрсетілген жағдайда осындай құрылымдық бөлімшенің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Салық төлеушілер шот-фактурада немесе ҚР СК-ің 400-бабының 1-тармағында көзделген өзге де құжатта:

1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;

2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» деген белгіні көрсетеді.

Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада осы бапта көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.

Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазып беріледі, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.

Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура: заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен; Дара кәсiпкерлер үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған жағдайда), сондай-ақ дара кәсiпкердiң қолтаңбасымен куәландырылады.

Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген жұмыскердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттiк берілген адам куәландырған көшiрмесiн ұсыну талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураларды оның шешiмi бойынша осындай құрылымдық бөлiмшенiң заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен куәландыруға құқылы.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi ҚР СК-ің 200-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жазып берген шот-фактура уәкiлеттi өкiлдiң атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады. Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзген жағдайда, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетiледi.Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

 

Шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

1) есеп айырысулары:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) ҚР СК-ің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер ҚР СК-ің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

14. ҚР СК-ің 13-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілетін жері бойынша жүзеге асырылады. 

ҚР СК-ің 13-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны жазып беру талабымен осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.

Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері ҚР СК-ің 414 – 418-баптарында белгіленген.

 

Алматы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі Жүрсін А.С. Бас маман

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!