Салықтық қызметтің түсінігі мен маңызы

  • 31.07.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 978
  • |
  • 0

Дата письма 31.07.2019

Салықтық қызметтің түсінігі мен маңызы

 

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда құқықтық даму жолын таңдаған тəуелсіз мемлекет болып табылады. Осыған орай ол өз экономикасын тұрақтандыруда нарықтық даму жолын таңдады.

Мемлекетіміздің егемендігі, оның əлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ мемлекет жəне қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы жəне өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық механизмінің жаңаша қалыптастырылуы салықтық құқықтың экономика жəне құқық аяларынан өзіне тиесілі орын алуының басты себебіне айналып отыр. Демек, мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде көрініс табатын салық салу аясы əрқашан да мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады.

Салықтық қызметі - уəкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарынан құрылатын органдардың жиынтығы. Біздің ойымызша, нарықтық экономика кезінде дұрыс əрекет ету үшін салықтық қызметтің маңызын, соның негізінде пайда болатын салықтық -құқықтық қатынастардың маңызын дұрыс түсіну керек сияқты.

Қазақстан Республикасының салықтық қызметіндегі қалыптасатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқық саласы осы қызметтің басты институттарының бірі болып табылады. Ондай қызмет нарыққа өту кезіндегі жаңа салықтық саясатты анықтайтын экономикалық заңдармен көрініс табады. Сол себепті мұндай саясаттың бастамасы ретінде Қазақстан Республикасының «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 ж. 10 желтоқсанда қабылданған Заңын айтамыз. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер жеке жəне заңды тұлғаларға, олардың коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйымдарының əрекеттері үшін салық салуды анықтайды. Əртүрлі сатылардағы бюджеттерді қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер дегеніміз - мемлекеттің қорына əртүрлі кіріс көздерінен келіп түскен жəне өздерінің міндеттері мен функцияларын орындау үшін қолданылатын қаржылық ресурстар. Мемлекеттік кірістердің басты көзі салық екендігі бəрімізге əйгілі, себебі мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының негізгі бөлігі - Қазақстан Республикасының  заңдарына сəйкес төленетін əртүрлі салықтардан, алымдардан, төлемдер мен баждар есебінен қалыптасады.

Салықтың (экономикалық) мəн-жайы мен заң жүзінде іске асырылатын мəнінің арасында қарама- қайшылық туындамауы қажет. Демек, салық, салық салу, мемлекеттің салық жүйесі деген сөздердің мағынасын мемлекеттің кірісін салық төлеушілердің - заңды жəне жеке тұлғалардың материалдық мүдделеріне мүмкіндігінше нұқсан келтірмей қалыптастыру керек деп түсінген дұрыс.

 

 Салық саясатын жетілдіруге байланысты елбасшысының Қазақстан халқына жолдауында бірқатар маңызды мəселелер айтылған болатын, атап айтар болсақ: «2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1%-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту; 2008 жылдан бастап əлеуметтік салық шамамен 30 пайызға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын ынталандыруы керек: 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін» .

Республикасындағы салықтық жүйе мен салықтық қызметті қалыптастыратын салықтық қызмет субъектілері болып табылады. Оның ішінде ең негізгі субъектілердің бірі салық органдарын атап көрсетуге болады. Салық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы салықтық комитет ретінде өзінің жұмысын атқарады. Оның өз кезегінде облыс орталықтарында жəне республикалық маңызы бар қалада жəне Астана қаласындағы аумақтық салық органдары бар. Аумақтық салық органдарын облыс көлемінде аудан орталықтарында салық органдары бар. Салық органдарының ресми атауы ҚР Қаржы министрлігінің жанындағы Салық комитеті деп аталады.

 

 

Автор: Управление государственных доходов по Наурызбайскому району г. отдел администрирования юридических лиц

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!