Салық жолы

  • 31.07.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 1049
  • |
  • 0

Дата письма 31.07.2019

Салық жолы

  Тәуелсіздік  алған  жылдардан  кейін  1991 жылы елімізде  салық  органдары құрылды. Алғашқы  жылдардағы   салық жинауды  ұйымдастырудың   жұмыстарын  атқардық.  Салықтық  есептемелер  тек «қағазды»  түрде  салық маманы ғана  қабылдап  алатын. Жеке  кәсіпкерлер  мен жеке  тұлғаларға  есеп жүргізілмейтін. Салық  бағдарламалары  әр бөлімде  жеке  болатын еді. Жалпы  қала  жүйесі емес,аудан  көлеміндегі  бөлімдердің    компьютерлік   бағдарламаларында  өзара  байланыстар   болған  жоқ.  Салықтық  тексерулер  және  есеп  қабылдау  «қолды»  әдістермен   жүргізілетін де,жорналдарға   тіркелетін. Одан  бері  келе  Алматы  қаласы  бойынша  ғана  салықтық бағдарлама  «телнет» енгізілді. Ол Алматы  қаласы  бойынша  болғанмен тек  өз  аудан  көлемін  ғана  қамтыды. Басқа  аймақтармен,мемлекеттік мекемелермен,сот,прокуратура  орындарымен   байланыс  жасау  үшін немесе кездесу тексерулерге   хат  жазылып,оның  апталап және айлап  жауап  күтілетін.

2003  жылдан  бастап республика  көлемінде «Біріктірілген салықтық  ақпарат жүйесі» енгізілді.Барлық  салық  жүйесі  бір  бағдарламаға   (БСАЖ) біріктірілді.  Осы  сәтте  де  көптеген   қиындықтар  туындады.  Салық  төлеушілерді  жаңа  жүйеге мәселелері міндеттелді. Бағдарламалардың  жетілдірілмеген  жерлері көп, өте  жәй жұмыс істейді  және  жиі  тұрып  қалады. Кей  уақытта  мамандардың   ұзақ  немесе  түнімен  жұмыс  жасауына  тура  келді. Алайда  жаңа  жүйе  өз  жемістерін  бере  бастады.Заңды тұлғалардың,жеке кәсіпкерлердің және  жеке  тұлғалардың   есептері  дербес  шоттарға  түсірілді.

2009 жылы заңды  және  жеке  кәсіпкерлердің  есептері  біріктіріліп, «Салық  есептерін   өңдеудің  жүйесі» енгізілді.  Оның  негізінде  бөлек бағдарламаларда  жүрген    ҚҚС,табыс  салығы,әлеуметтік  салық,мүлік және  жер салығы  немесе  т.б  салықтар мен  төлемдердің   есептері  бір  арнаға біріктірілді. Сонымен  қатар,әр  салық  төлеуші өз жұмыс  орнында,үйінде немесе  кез  келген  жердегі  арнайы нүктелерден  «салық  төлеушінің кабинетіне»  электронды  қолтаңбасы  арқылы  еніп,өз  есептерін жібереді және күнделікті  дербес  шоттарының  жай-күйін  бақылайды,бюджет  алдындағы  есебі  туралы  ақпараттар  алады.Бұрынғы  салық  органдары  есігі  алдындағы  ұзын-сонар  кезек  жоғалған. Салық  терминальдарында  жаңа  жұмыс  бастаған  кәсіпкерлер  мен  салық  құжатын  өткізуді түсініңкіремейтін  жасы  ұлғайған  кісілер ғана кеңес  алу үшін   жүреді.

2014 жылы  тамыз  айында   салық  органдары   мемлекеттік  кірістер  болып  қайта  құрылды. 2015 жылдан  бастап дербес  шоттар   бірегейленген  жүйеге енгізілді. Бұл  жүйе  арқылы салық  төлеуші  республиканың  кез  келген  мемлекеттік  кірістер  басқармасынан   өз  дербес  шоттарын  бақылап,көріп өз  кабинеттері  арқылы  бет  есептерін   жөндеп  отырады.

Мен өзім  салық  салысында  23 жыл  қызмет  етіп,зейнетке шықтым. Қазіргі   уақытта  өзіміз  күнде  көріп  жүрміз,мемлекеттік  қызметтің  алудың басым бөлігі  «бір терезе»  әдісіне  біріктірілген. Бұл  жағдайда,салық  төлеушілер  «Азаматтарға  арналған  үкімет» арқылы  қызмет  алады. Бұл  әдіс  мемлекеттік    кірістер  органдарындағы   жемқорлықты  болдырмаудың,салық  есептілігінің   айқындығын және  салық  түсімін  арттырудың бірден  бір  жолы болып  табылады.

  Өткен соңғы  10 жылдар аралығын  салыстырып   қарап  отырсақ,салық  түсімі  3,5 есеге  дейін  артқан.  Ал   Әуезов  ауданы   Алматы  қаласы  бойынша   мемлекеттік  мекемелерден  жеке  тұрғындар  көп  шоғырланған   аудан. Ірі  мемлекеттік мекемелер,банктер   жоқтың касы  және  ірі  заңды  тұлғалар  ең  аз  аймақ.

Осы  жылдар  аралығында  2010  жылы  Алатау ауданы,2015 жылы  Наурызбай  ауданы  осы  ауданнан  толығымен   өз  шекараларын  алып, бөлініп  кетті және  кейбір  ірі  салық  төлеушілер  еншісін  алды. Сол жағдайларға  қарамастан  осындай   салық  түсімінің  3,5 есеге  арту  жетістіктеріне қол  жеткізілген.

   Қызмет көрсету орындарына кіріп келгенде,қызметкерлердің  әдеп  сақтауы,қызмет көрсетуі және қызметтік киім  үлгісі өте жағымды әсер қалдырады.  Мемлекеттік  қызмет көрсетудің   заманауи  әдістері  енгізілген,әр салық төлеушіні қабылдауға маманға бекітілген  уақыт бар. Салық  төлеушілер  электронды  кезек арқылы тез жұмыстарын   бітіреді.

 Сонымен  қатар,салық төлеушілердің де  өз  мәдениеті көтерілгені  байқалады. Мен өзім соңғы  кезде мемлекеттік  кірістер  басқармасына жеке  шаруаларыммен  кірген кезімде,электронды  кезекті   күтіп, ренжімей өз   сұрақтарына  толық жауап  алып  жатқан азаматтар  немесе  олар да  беделді  мемлекеттік мекемеде  жүргенін толық  сезінген.Бұдан 6-7 жыл бұрынғы салық төлеуші тарапынан үнемі айтылатын көңіл  толмаушылык,наразылықтар  байқалмайды. Қызметкерлердің  айтуынша,апта  сайын  жұмыстан  тыс  уақытта басшылық тарапынан барлық  шараларды  қамтыған  жиындар,техникалық оқулар  тұрақты өткізілуде.

  Бұл  көрсеткіштер  сол  салық  қызметін  онтайландыруда  мемлекет    жасалған  қамқорлық шаралар  мен  басшылық тарапынан атқарылған  жұмыстардың  нәтижесі  деп  білемін.

 

 

Автор: Салық ардагері Анапияева Айна

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!