Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
- 17.01.2020
- |
- 0
- |
- 1117
- |
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүргізу кезінде:
тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері туралы ақпаратты салық органынан сұратуға және олардан алуға;
салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге; салықтық тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсінік беруге;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге; осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде:
салық органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде, электрондық жеткізгіште де ұсынуға; осы Кодекстің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) жасаған есепке алу құжаттамасын ұсынуға;
салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және осындай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның аумағына және (немесе) үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын беруге;
салықтық тексерулер барысында түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге;
салық органының салықтық тексерулер жүргізетін лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге; осы Кодекстің 155-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйе деректерін көруге қолжетімділік беруге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Автор: Әуезов ауданы бойынша МКБ жанама салықтарын әкімшіліктендіру бөлімінің бас мамны Тогузов М.Д.
Комментарии