Салық төлеушiнiң салық берешегiн - оның дебиторларынан өндiрiп алу

  • 27.09.2017
  • |
  • 0
  • |
  • 3163
  • |
  • 0

Дата письма 27.09.2017

Дебитор дегеніміз не? Дебитор дегененіміз - бұл бухгалтерлік есепте ұйымның алдында ақшалай берешегі бар заңды немесе жеке тұлғалар. Айталық тауар алған немесе қызмет көрсетілген, бірақ ақысын төлемеген сатып алушылар, іссапар шығынына жұмсауға алғы төлем алған, бірақ бухгалтерияға есебін бермеген ұйым қызметкерлері дебиторға жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей бәрімізге мәлім – бұл салық төлеушінің салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу келесідей тәртіппен жүзеге асады:

1-ші салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;

2-ші салық төлеушінің дебиторлар шоттарынан;

3-ші салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4-ші салық төлеушінің жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.

         Осының ішінде, салық төлеушінің салық берешегін, оның дебиторларының шоттары арқылы өндіру тәртібіне тоқталайық.

Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың яғни - дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

      Салық төлеуші салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi.

      Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады және, дебиторлар тiзiмi көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге тексеру жүргiзедi.

       Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi.

Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн акелуге мiндеттi.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.

Дебиторлар берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және олардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды.

       Дебитор мен салық төлеушi арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң  салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтаруға міндетті.

       Сонымен, қорыта келе мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіден, не оның дебиторының банк шоттарындағы ақшасынан салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп ала алады. Ал салық төлеушілерге айтатын кеңесіміз, мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу іс-қимылдарын күтпей, дебиторлары қарызын өтемеген жағдайда сотқа арыздануға құқығы бар екендігін естеріне саламыз.

 

 

Автор: Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы Дельдебекова А.Е.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!