Салық салу қағидаттары

  • 28.09.2018
  • |
  • 2
  • |
  • 12798
  • |
  • 0

Дата письма 28.09.2018

 

Салық салу қағидаттары

 

Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар. Салықтардың созылымдылық қағидасы – бұл қағиданыңмәні мынада, яғни мемлекет өзінің күнделікті суранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады. Салық салудың салық кодексімен басқару қағидасы былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық қағидасы болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық қағидасына сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік қағидасына сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық кодексінде белгіленген салық салу қағидасына қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше қағидасына негізделеді, атап айтқанда.

· бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,

· екінші, салық салудың айқындылығы,

· үшінші, салық салудың әділдігі,

· төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы,

· бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.

 

 

1.     Салық салудың міндеттілік қағидасы (5-бап)

Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтардың негізі борышы, парызы болып  саналады.

 

2.     Салық салушылардың айқындық қағидасы (6-бап)  Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдері. Әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.

Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелерін туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.

 

3.     Салық салудың әділдік қағидасы (7-бап). Қазақстан Республикасының

салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

 

4.     Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты:

4.1 Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.

4.2  Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз  әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді.

4.3 Егер салық төлеуші (салық агенті) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілсе, онда айыппұлдар мен өсімпұл салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.

4.4 Салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.

4.5 Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі.

 5.     Салық жүйесінің біртұтастық қағидасы (9-бап) Қазақстан 

Республикасының салық жүйесінің Қазақстан республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

 

6.     Салық заңдарының жариялылық қағидасы (10-бап) Салық салу

мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

 

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.

Олар мыналар:

—         салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;

—         салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;

—         әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;

—         өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудың сора-қылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді. Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» — деп жазды. Америка Құрама Штатының тәуелдіксіз декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салықпен өнімнен қашып құтыла алмайсың» — деп атап көрсетті.

Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақытысында төленбеген салықтардың айыппұлы мен өнімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.

  4-бап. Салық салу қағидаттары

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы осы Кодексте белгіленген салық салу қағидаттарына негізделеді.

Салық салу қағидаттарына салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық төлеушінің адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары жатады.

Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы ережелерінің салық салу қағидаттарына қайшы келуі анықталған кезде, мұндай ережелер қолдануға жатпайды, егер қайшылықтар тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау кезінде анықталса, соңғысы қайта қарауға жатады.

 5-бап. Салық салудың міндеттілігі қағидаты

 

Салық төлеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті.

 

6-бап. Салық салудың айқындылығы қағидаты

 

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

 

7-бап. Салық салудың әділдігі қағидаты

 

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салықтық жеңілдіктерді беруге тыйым салынады.

3. Ешкімге де сол бір кезең үшін сол бір салық салу объектісі бойынша салықтың сол бір түрімен, бюджетке төленетін төлемнің сол бір түрімен қайтадан салық салуға болмайды.

 

8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты

 

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз  әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді.

3. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілсе, онда айыппұлдар мен өсімпұл салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.

5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі.

9-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы қағидаты

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады..

Автор: Баяндаушы бас маман Аскар А.А.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!