Салық режимдері бойынша өзгерістер.
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 02.06.2026
- |
- 0
- |
- 19
- |
Дата письма 02.06.2026
Салық режимдері бойынша өзгерістер.
1. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
Жаңа Салық кодексі енгізілген өзгерістерге байланысты бірқатар арнаулы салық режимдері, қолданыстағы Жеңілдетілген декларация шеңберінде шағын бизнеске арналған салықтық режимдер туралы.
2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап мынадай салық режимдері қолданыста болады:
· Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану шарттары:
Жеке тұлға;
Жалдамалы қызметкерлердің болмауы;
Шекті шарттар 300 Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) яғни айына 1297000 теңгеден аспауы тиіс;
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті болмауы;
4% салық мөлшерлемесі олар, Міндетті зейнетақы жарнасы 1%, Жұмыс берушіден міндетті зейнетақы жарнасы 1%, Әлеуметтік аударымдар 1%, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасы 1% (Жеке табыс салығы түріндегі салық алынып тасталады).
Компаниялар сізбен жұмыс істеуге мүдделі, себебі олар сіздің қызметіңізге жұмсалған шығындарды салықтық шегерімдеріне жатқызуға болады.
· Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары:
ЖК (Жеке кәсіпкер), ЖШС (жауапкеркешілігі шектеулі серіктестіктер);
Жалдамалы қызметкерлері шектеусіз;
Шекті шарттар 600 000 Айлық есептік көрсеткіш жылына (2,4 млрд, тенге), егер жылына кіріс 100 млн.теңгеден асса, еңбекақы төлеу қоры салық салынатын кірістен алынып тасталады;
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін Салық кодексінде мәслихаттар бұл мөлшерлемені 50%-ға дейін көтеру немесе азайту құқығымен 4% мөлшеріндегі бірыңғай ставканы қарастырады.
· Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі:
ШҚ (Шаруа қожалығы);
Кірістен 0,5;
Cалық жеңілдіктері сақталады, тек ЖТС түріндегі салық салынады.БЖС алынып тасталады;
· Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі:
Бұл салық салу тәртібін барлық салық төлеушілер қолдана алады, өйткені оны қолданудың шарттары мен шектеулері жоқ.
Мынадай арнаулы салық режимдері жойылды:
• бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимі;
• патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
• мобильді қосымшаның көмегімен;
• тіркелген шегерімді пайдаланатын;
Автор: Салық төлеушілермен Жұмыс бөлімінің басшысы Р.Кошикбаева
Комментарии