Результаты проведенных проверок. Анализ выявленных нарушений.
- 25.06.2020
- |
- 0
- |
- 3679
- |
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері. Аңықталған бұзушылықтарды талдау.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қоспағанда (жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемеден басқа), салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.
Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.
Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуға, залалдардың азаюына, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайтарудың расталмауына алып келетін бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі (табыс етіледі).
Салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) хабарлама мен салықтық тексеру актісінің тіркелген күні және нөмірі;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
4) есепке жазылған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомасы;
5) азайтылған залалдар сомасы;
6) қосылған құн салығының қайтаруға расталмаған асып кету сомасы;
7) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік (жеке) табыс салығының қайтаруға расталмаған сомасы;
8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері;
9) тиісті салықтардың және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың деректемелері;
10) шағым жасау мерзімдері мен орны.
Орындады: Жүрсін А.С. Бас маман
Результаты проведенных проверок. Анализ выявленных нарушений.
Налоговой проверкой является проверка, осуществляемая налоговым органом, исполнения норм налогового законодательства Республики Казахстан, а также иного законодательства Республики Казахстан, контроль за исполнением, которого возложен на налоговые органы, за исключением исполнения налогового обязательства по плате за эмиссии в окружающую среду (кроме налогового обязательства по плате за эмиссии в окружающую среду за выбросы загрязняющих веществ от передвижных источников).
Налоговые проверки осуществляются исключительно налоговыми органами.
По завершении налоговой проверки в случае выявления нарушений, приводящих к начислению сумм налогов и платежей в бюджет, уменьшению убытков, неподтверждению к возврату сумм превышения налога на добавленную стоимость и (или) корпоративного (индивидуального) подоходного налога, удержанного у источника выплаты с доходов нерезидентов, налоговым органом выносится уведомление о результатах проверки, которое направляется (вручается) налогоплательщику (налоговому агенту) в порядке и сроки.
Регистрация уведомления о результатах проверки и акта налоговой проверки осуществляется налоговым органом под одним номером.
В уведомлении о результатах проверки должны содержаться следующие реквизиты и сведения:
1) дата и номер регистрации уведомления и акта налоговой проверки;
2) фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) либо полное наименование налогоплательщика (налогового агента);
3) идентификационный номер налогоплательщика (налогового агента);
4) сумма начисленных налогов и платежей в бюджет, социальных платежей и пени;
5) суммы уменьшенных убытков;
6) сумма превышения налога на добавленную стоимость, не подтвержденная к возврату;
7) сумма корпоративного (индивидуального) подоходного налога, удержанного у источника выплаты с доходов нерезидентов, не подтвержденная к возврату;
8) требование об уплате и сроки уплаты;
9) реквизиты соответствующих налогов и платежей в бюджет и пени;
10) сроки и место обжалования.
Выполнила: Жүрсін А.С. Главный специалист
Комментарии