«Qoldau» бірлескен акциясы
- 25.04.2022
- |
- 0
- |
- 735
- |
Дата письма 22.04.2022
«Qoldau» бірлескен акциясы
Алматы қаласа Жетысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында аудан және қала тұрғындарына консультативтік көмек көрсету мақсатында 21.04.2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолдау және қызмет көрсету бойынша «Qoldau» бірлескен акциясы өтті. Іс-шара барысында Алматы қаласы Жетысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары және Қазақстан республикасы Мемлекеттік кызмет істері агентігінің маманы М.М. Жанбыршиевтің қатысуымен салық төлеушілердің сұрақтарына жауап беру үрдісі жүргізілді. Сонымен қатар, салық төлеушілермен «E-Salyq Business» және «Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшаларының қолдану және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар мобильдік аударымдар бойынша қағидалар түсіндірілді. Акцияға 220 адам шеңберінде қатысты. Келесі кездесу 28.04.2022 жылы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында өтеді.
Автор: правление государственных доходов по Жетысускому району г. Алматы
Комментарии