Проект нового НК представили предпринимателям Карагандинской области
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 22.04.2024
- |
- 0
- |
- 540
- |
Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексінің жобасы ұсынылды
Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері туралы айтылды. Ол экономиканың әртүрлі салалары үшін сараланған ҚҚС мөлшерлемесін, "көлденең мониторинг" режимін енгізуді және арнайы салық режимдерін реформалауды көздейді.
Жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді түсіндіру үшін Қарағандыға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаңыбек Нұржанов және Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева келді. Олар Достық үйінде кәсіпкерлермен кездесті. Отырысқа Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов та қатысты.
– Мемлекет басшысы әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мен бюджетке түсетін түсімдердің қажетті деңгейін ұстап тұру арасындағы ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті, – деді Ермек Алпысов. – Сондықтан облыс үшін көлеңкелі экономиканың өсуіне жол бермеу шартымен қатаң бюджеттік және салық тәртібін сақтай отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жаңа тетігін енгізу маңызды болып табылады.
Жаңа кодекс кәсіпкерлерге бизнесті ашық жүргізуге мүмкіндік беретін алдын алу шараларын енгізуді көздейді. Цифрландыруды дамытуға және есептілікті онлайн тапсыруға үлкен көңіл бөлінді.
– Бізде айыппұл санкцияларын қабылдаудан гөрі салық төлеушілерге көмек көрсетуге баса назар аударылатын болады. Инновациялардың бірі қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізу болады, – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. – Есепке қоюдан бастап есептілікті толтыруға дейін форматты-логистикалық тексеру көзделетін болады. Яғни, кәсіпкер салық органынан алдын-ала толтырылған нысан алады. Ол келіседі немесе түзетулер енгізе алады. Сонымен қатар, бұл есептерді тапсыру процесін жеңілдетеді, бухгалтер немесе қосымша кеңесші жалдаудың қажеті жоқ. Осыған байланысты бізде камералдық бақылау рәсімі азаяды.
Жаңа кодекстің жобасы жетекші әлемдік компаниялар мен дамыған елдердің үздік тәжірибелерін ескере отырып әзірленді, деп қосты спикер.
Тағы бір жаңалық – салық төлеушілерге сенім принципін енгізу. Жаңа құжаттың негізгі мақсаты – бизнесмендерге салық төлеуді жеңілдету үшін көмек көрсету және оларға көмектесу.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Жаңа Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы (ЖҚСТҚ) және ҚР Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті.
Автор: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/754274?lang=ru
Комментарии