ПРЕСС-РЕЛИЗ В Алматинской области установили 2 329 фактов первичной регистрации автотранспортных средств без уплаты сбора на 13,5 млрд. тенге

  • 27.07.2022
  • |
  • 0
  • |
  • 673
  • |
  • 0

Дата письма 22.07.2022

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысында автокөлік құралдарын 13,5 млрд. теңгеге алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды

 Алматы облысында шетелден алғашқы тіркеу үшін алым төлемей ауыр жүк көліктерін әкелудің көптеген фактілері, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру жағдайлары анықталды.

 Алматы облысының салық қызметкерлері Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасының тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) автокөлік құралдарын 13,5 млрд.теңгеге алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісін анықтады.

Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, Шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар бастапқы есепке қою кезінде мөлшері 2 500 АЕК (2019 жылы – 6,3 млн.теңге, 2020 жылы – 6,9 млн. теңге, 2021 жылы – 7,3 млн. теңге) құрайтын алым төлемегені анықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бажды төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді берудің 450 фактісі анықталды, нәтижесінде бюджетке шығын 135,7 млн.теңгені құрады. Цифрлық және әріптік мәні бірдей нөмірлер үшін баж 174 000 теңгеден 872 900 теңгеге дейін өзгереді.

Бұл фактілер міндетті төлемдерді іс жүзінде төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілін көрсетеді, бұл бюджеттің елеулі шығындарына алып келді.

Қазіргі уақытта әкімшілік полиция жоғарыда көрсетілген қызметтерді стандартты емес жолмен алған тұлғалардан түспеген алым мен баж сомаларын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Тексеру материалдары кінәлі адамдар тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

 ПРЕСС-РЕЛИЗ

 В Алматинской области установили 2 329 фактов первичной регистрации автотранспортных средств без уплаты сбора на 13,5 млрд. тенге

 В Алматинской области выявлены многочисленные факты завоза из-за рубежа большегрузных авто без уплаты сбора за первичную регистрацию, а также случаи выдачи государственных номерных знаков повышенного спроса без уплаты государственной пошлины.

Налоговики Алматинской области по итогам проверки Управления административной полиции Алматинской области (за периоды 2018-2021 годы) установили 2 329 фактов первичной регистрации автотранспортных средств без уплаты сбора на 13,5 млрд. тенге.

Выяснилось, что ввозимые с третьих стран автотранспортные средства, в частности седельные тягачи с годом выпуска свыше 7 лет, при первичной постановке на учет не уплачивали сбор, размер которого составляет 2 500 МРП (в 2019 году – 6,3 млн. тенге, 2020 году – 6,9 млн. тенге, 2021 году – 7,3 млн. тенге).

Так же, было выявлено 450 фактов выдачи государственных номерных знаков повышенного спроса без уплаты государственной пошлины, в результате потери в бюджет составили 135,7 млн. тенге. Пошлина за номера с одинаковыми цифровыми и буквенными значениями варьируется от 174 000 тенге до 872 900 тенге.

Данные факты указывают на системный подход получения услуг без фактической уплаты обязательных платежей, что привело к значительным потерям бюджета.

В настоящее время Административной полицией проводятся мероприятия по взысканию не поступивших сумм сбора и пошлины с лиц, получивших вышеуказанные услуги не стандартным путем.

Материалы проверки направлены в правоохранительные органы для установления круга виновных лиц и принятия соответствующего решения.

Автор: Департамент государственных доходов по Алматинской области

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!