ПЛАТА ЗА РАЗМЕЩЕНИЕ НАРУЖНОЙ (ВИЗУАЛЬНОЙ) РЕКЛАМЫ - СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
- 26.09.2019
- |
- 0
- |
- 1210
- |
ПЛАТА ЗА РАЗМЕЩЕНИЕ НАРУЖНОЙ (ВИЗУАЛЬНОЙ) РЕКЛАМЫ
Согласно п.1 ст. 604 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (далее Налоговый Кодекс) плательщиками платы являются лица, размещающие наружную (визуальную) рекламу.
Согласно п. 3 Налогового Кодекса не являются плательщиками платы государственные органы Республики Казахстан по наружной (визуальной) рекламе, размещаемой в связи с реализацией возложенных на них функциональных обязанностей.
Согласно п.1 ст. 606 Налогового Кодекса размер платы исчисляется исходя из ставок платы и фактического срока размещения наружной (визуальной) рекламы, установленного:
1) в разрешительном документе на размещение наружной (визуальной) рекламы;
2) Национальным оператором по управлению автомобильными дорогами или местными исполнительными органами - в случае размещения наружной (визуальной) рекламы без получения разрешительного документа.
При размещении наружной (визуальной) рекламы на срок менее одного календарного месяца размер платы определяется за один календарный месяц.
Согласно п.2 ст. 606 Налогового Кодекса сумма платы, подлежащая внесению в бюджет, уплачивается ежемесячно, в срок не позднее 25 числа месяца, следующего за отчетным.
При этом в случае размещения наружной (визуальной) рекламы на основании разрешительного документа уплата платы за первый месяц размещения рекламы должна быть произведена до получения такого разрешительного документа.
Согласно п.3 ст. 606 Налогового Кодекса при получении разрешительного документа плательщики платы представляют Национальному оператору по управлению автомобильными дорогами или местным исполнительным органам документ, подтверждающий внесение в бюджет суммы платы за первый месяц размещения наружной (визуальной) рекламы.
Согласно п.4 ст. 606 Налогового Кодекса сумма платы уплачивается в бюджет по месту размещения наружной (визуальной) рекламы.
Согласно п.3 ст.603 Налогового Кодекса национальный оператор по управлению автомобильными дорогами и местные исполнительные органы ежемесячно, в срок не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным, представляют налоговым органам по месту размещения наружной (визуальной) рекламы сведения о плательщиках платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, наличии (отсутствии) разрешительных документов по форме, установленной уполномоченным органом.
СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
604-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
606-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға арналған рұқсат құжатында белгіленген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжатынсыз орналастырылған жағдайда – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар белгілеген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжаты негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы төлеу осындай рұқсат құжаты алынғанға дейін жүргізілуге тиіс.
3. Рұқсат құжатын алған кезде төлемақы төлеушілер Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты ұсынады.
4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
603-бап. Жалпы ережелер
3. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың
15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жер бойынша салық органдарына төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Автор: УГД по Турксибскому району г.Алматы Отдел «Центр по приему и обработке информации физических лиц»
Комментарии