Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару - Возврат налога на добавленную стоимость по иным основаниям
- 31.01.2020
- |
- 0
- |
- 1169
- |
Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексінің) 105 бабына сәйкес қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтаруға қатысты келесіні хабарлайды.
1. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген негіздер бойынша:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдік төлеген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы грант алушының тұрған жері бойынша оның банктік шотына осы Кодекстің 102-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 435-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органы олардың банктік шотына осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.
Талдау және есептеу бөлімінің бас маманы Жұмабай Гүлстан Ержанқызы
Возврат налога на добавленную стоимость по иным основаниям
Управление государственных доходов по Алматинскому району г. Нур- Султан согласно ст 105 НК . Возврат налога на добавленную стоимость по иным основаниям сообщает следующее.
1. Возврату из бюджета подлежит сумма налога на добавленную стоимость по основаниям, предусмотренным Особенной частью настоящего Кодекса:
1) уплаченная по товарам, работам, услугам, приобретенным за счет средств гранта;
2) уплаченная дипломатическим и приравненным к нему представительством, аккредитованным в Республике Казахстан.
2. Возврат налога на добавленную стоимость, подлежащего возврату грантополучателю, производится налоговым органом по месту нахождения грантополучателя на его банковский счет после проведения зачетов в соответствии со статьей 102 настоящего Кодекса в течение срока возврата, установленного статьей 435 настоящего Кодекса.
3. Возврат налога на добавленную стоимость дипломатическим и приравненным к ним представительствам иностранных государств, консульским учреждениям иностранного государства, аккредитованным в Республике Казахстан, и лицам, относящимся к дипломатическому, административно-техническому персоналу этих представительств, включая членов их семей, проживающих вместе с ними, консульским должностным лицам, консульским служащим, включая членов их семей, проживающих вместе с ними, производится налоговым органом на их банковский счет в порядке и сроки, которые установлены статьей 436 настоящего Кодекса.
Автор: Главный специалист отдела ОАиУ Жумабай Гулстан Ержановна
Комментарии