Наурызбай ауданының тарихы АУДАН ЖАЙЛЫ
- 31.07.2019
- |
- 0
- |
- 1475
- |
Дата письма 31.07.2019
Наурызбай ауданының тарихы
АУДАН ЖАЙЛЫ
Наурызбай ауданының атауы
Наурызбай батыр (1706-1781)
Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманы — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар туралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету туралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды.
Аңызға айналған батырларымыздың бірі де бірегей хас батыры бүгінгі ұрпақтың жадында жатталып, ерлік істері ел есінде мәңгі сақталады. Оның айғағы батыр атында қасиетті қазақ жерінде небір даңғылдар мен көшелер, аудан мен қалалар, қала берді өмірге келген балалардың аттары да Наурызбай батыр бабамыздың есімімен аталуы деп білеміз.
Аудан атауы/ Наурызбай батыр
Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Шоханов М.О.
Комментарии