Налог на имущество и земельный налог физических лиц
- 30.11.2020
- |
- 0
- |
- 1179
- |
«Налог на имущество и земельный налог физических лиц»
Согласно ст. 526, 528 «Кодекса РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» плательщиками налога на имущество и земельного налога являются физические лица, имеющие на территории Республики Казахстан объекты налогообложения (жилища, здания, дачные постройки, гаражи и иные строения, сооружения, помещения, принадлежащие им на праве собственности. В соответствии со статьей 529 налоговой базой по жилищам, дачным постройкам для физических лиц является стоимость объектов налогообложения, устанавливаемая по состоянию на 1 января каждого года, следующего за отчетным, устанавливаемая государственной корпорацией «Правительство для граждан».
В соответствии ст. 532 исчисление налога на имущество и земельного налога по объектам налогообложения физических лиц производится налоговыми органами не позднее 1 июля года, следующего за отчетным налоговым периодом, по месту нахождения обьекта налогообложения, а уплата налога на имущество и земельного налога производиться в бюджет по месту нахождения обьектов обложения не позднее 01 октября года следующего за отчетным налоговым периодом.
Также на основании ст. 514 Налогового Кодекса, если иное не установлено настоящей статьей, исчисление земельного налога, подлежащего уплате физическими лицами, производится налоговыми органами не позднее 1 июля года, следующего за отчетным налоговым периодом, исходя из соответствующих ставок налога и налоговой базы, физические лица уплачивают в бюджет земельный налог, исчисленный налоговыми органами, не позднее 1 октября года, следующего за отчетным налоговым периодом.
Управление государственных доходов по Алматинскому району, города Нур-Султан улица Ахмета Жубанова 16, кабинет 201, главный специалист отдела непроизводственных платежей Нагымжанов К.Б.
«Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы»
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "ҚР Кодексінің 526, 528-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында салық салу объектілері (тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және оларға меншік құқығында тиесілі өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) бар жеке тұлғалар мүлік және жер салығын төлеушілер болып табылады.
Аталған кодекстің 529-бабына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы» белгілейтін, есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгіленетін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады.
Салық кодексінің 532-бабына сәйкес жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мүлік салығын және жер салығын есептеуді салық органдары салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді, ал мүлік салығы мен жер салығын төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 01 қазанынан кешіктірмей бюджетке жүргізіледі.
Сондай-ақ Салық кодексінің 514-бабының негізінде, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемелері мен салық базасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді, жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей бюджетке төлейді.
Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Ахмет Жубанова көшесі, 16 үй. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің, бас маманы Қ. Нағымжанов
Комментарии