Меморгандар жеңілдіктер беру кезінде есепке алынбаған салықтық тәуекелдер үшін жауапты болмақ
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 21.04.2026
- |
- 0
- |
- 16
- |
13:38, 17 Сәуір 2026 | GMT +5
Меморгандар жеңілдіктер беру кезінде есепке алынбаған салықтық тәуекелдер үшін жауапты болмақ
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде салалық қолдау шараларын ұсыну барысында туындайтын фискалдық тәуекелдер үшін министрліктер мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев мәлім етті.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Оның айтуынша, Үкімет көлеңкелі экономикамен күрес барысында алдын алу шараларын қабылдап жатыр.
— Биыл Үкімет кешенді жоспарды бекітеді. Онда әрбір мемлекеттік органның салықтық тәуекелдер үшін салалық жауапкершілігі нақты бекітіледі. Кез келген салалық министрлік қандай да бір жеңілдіктер немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбас бұрын, салықтық тәуекелдерді бағалауы тиіс деп санаймыз, — деді ол салықтық әкімшілендіру тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Комитет басшысы бұл тәсіл мемлекеттік органдардың болашақта теріс салдарға әкелуі мүмкін қолдау шараларын қабылдауына жол бермейтінін атап өтті.
Бұған дейін елімізде 910 нысандағы жеңілдетілген салық декларациясын алдын ала толтыру сервисін енгізу жоспарланып отырғанын жазған едік.
Автор: https://kaz.inform.kz/news/memorgandar-zhenldkter-beru-keznde-esepke-alinbagan-saliktik-tauekelder-ushn-zhauapti-bolmak-7c04aa/
Комментарии