Мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық формасының артықшылықтары
- 25.11.2019
- |
- 0
- |
- 785
- |
Дата письма 25.11.2019
Мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық формасының артықшылықтары
«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің 32 түрі енгізілді.
Электрондық нысандағы артықшылықтар айқын: күнделікті кез келген уақытта, тіпті демалыс күндері, мереке күндерінде мемлекеттік кіріс органына келмей, салық нысандарын тез арада жаңартып, қағаз есептерін сақтау мен мұрағатты сақтаудың қажеті жоқтығы.
Ол үшін салық төлеушінің тіркеуде тұрған жерінде немесе тұрғылықты жерінде тіркеуде тұрған жерінде мемлекеттік салық органына электронды салық төлеуші ретінде тіркеуге салықтық өтініш беру қажет. 3 жұмыс күні ішінде электронды салық төлеуші ретінде тіркеу жүргізіледі және ЭСҚ пайдалану және тану туралы келісім жасалады. Электрондық кілтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан да алуға болады.
Әрбір аудандық мемлекеттік кіріс басқармаларында ақысыз кеңес берушілердің көмегімен алу үшін «Өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары» ашылды.
«Өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары» бөлімінде «Компьютерлік сауаттылық мектептері» ашылған, онда қосымша өзіндік электронды қызметтерді оқуға болады.
Автор: Сеитова Б.К. Управление государственных доходов по Турксибскому району города Алматы
Комментарии