Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің қаруы
- 30.11.2017
- |
- 0
- |
- 2548
- |
Дата письма 30.11.2017
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің қаруы
Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларына жоққа шығарады.
Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметшілердің қаруы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты кәсіби-этикалық талаптар, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген.
Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған болатын. Жалпы қызметкерлер мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзім ішінде талаптарға сәйкес аталмыш кодекспен таныстырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ережелеріне сәйкес қаралады. Мемлекеттік қызметте маңызды мәселенің бірі – халық сеніміне ие болу. Ол сенім – әрбір қызметкерге ең алдымен тазалығы, адалдығы, іскерлігі және басқада көптеген жеке қасиеттері арқасында келеді. Халық мемлекеттік қызметшілердің әрбір әрекетін қалт жібермей бақылап отырады, оның жасаған дұрыс-бұрыс әрекеттеріне баға береді. Ал халықтың сенімімен шығуы мемлекеттік қызметтің ғана емес, мемлекеттің беделін көтеру. Халық үшін жасаған әрбір іс, орындалған уәде қызметкердің ғана емес, мемлекеттің абыройы.
Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Ұйымдастыру, құжат айналымы және персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы Мамырбаева А.Н.
Комментарии