Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?
- 22.11.2017
- |
- 0
- |
- 5134
- |
Дата письма 22.11.2017
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:
- заңдылық;
- Қазақстандық патриотизм;
- азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
-лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
-мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
-әдептілік;
- құқық бұзушылықтарға төзбеушілік.
Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:
-жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын сақтауға;
- мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
- мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
-мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
-егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
-қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
-өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
-қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
-лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
-пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
-қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
-мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
-шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
-қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;
-қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;
-Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
- өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;
-әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
- қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
-әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
-сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
-сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
- көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
-мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.
Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.
Автор: Ермекова Э.К. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ақпаратты технологиялар бөлімінің басшысы
Комментарии