«Мемлекеттік кірістер комитетіне 5 жыл»
- 31.07.2019
- |
- 0
- |
- 1407
- |
Дата письма 31.07.2019
«Мемлекеттік кірістер комитетіне 5 жыл»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне біріктіру жолымен қайта құрылды. Аталмыш комитеттің бүгінде атқаратын қызметі орасан зор.
Мәселен, қазынашылық, қаржылық бақылау, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, қаржы мониторингі комитеттерін біріктіре отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті кеден ісі саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, сақтау, аудару және аударымдардың толықтығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін бірден-бір комитет.
Кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу, өндірісті мемлекеттік реттеу, яғни этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін, мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін, биоотынның айналымдарын реттеу сынды функцияларды атқаруда Мемлекеттік кірістер комитетінің рөлі айрықша зор. Өйткені, құрылғанына бес жыл толып отырған комитеттің елеулі еңбегінің арқасында бүгінде Қазақстан Республикасында кедендік реттеу жұмыстары оңтайландырылды.
Яғни, кедендік рәсімдерге сәйкес бақылау, уақытша сақтау, кедендік декларациялау, шығару және пайдалану, кедендік бақылау, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларға иелік ету, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы қатынастарды реттеу іспетті құрылымдары жаңаша сипатқа ие болды.
Сондықтан да, ұстыны берік, іргесі мықты тәуелсіз Отанымыздың жарқын болашағы үшін ұшан-теңіз еңбек сіңіріп келе жатқан Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына бес жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының мүддесі үшін атқарылып келе жатқан Мемлекеттік кірістер комитетінің еңбегі орасан зор!
Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы»
Автор: «Мемлекеттік кірістер комитетіне 5 жыл»
Комментарии