Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жалғасуда

  • 28.06.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1270
  • |
  • 0

Дата письма 28.06.2018

Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жалғасуда

 

    Қазіргі  таңда мемлекеттік кірістер басқармасының беделіне, салық төлеушілердің сеніміне нұқсан келтіретін, еліміздің  нарықтық экономикасының  дамуына  және  ұлттық  экономикалық қауіпсіздігіне  қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу барша әлем елдерінде бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

     Сыбайлас жемқорлық- бұл мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын азаматтардың өзінің лауазымдық  өкілеттіктерін мүліктік пайда алу үшін асыра пайдалануы, яғни қоғамдық қатынасқа  қауіпті әрекет жасауы.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы тыйым салынатын нормалар санының көптігімен және  мемлекеттік қызметкерлер жалақысының төмен болуымен тығыз байланысты.

      Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күресу жүйелі және кешенді сипатқа ие. мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлық  деңгейін  төмендету  айқын, басым бағыттардың бірі болғандықтан, аталған мәселені шешу негізінде  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша жалпыұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында        «Қазақстан Республикасы салық органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресу Стратегиясы» жасалынды. Аталған стратегияның басты мақсаты мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады және стратегияның жүзеге асырылуы негізгі 3- бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ:

1.     Бюрократиялық сүйретпелер мен салық төлеушілердің қызмет көрсетуді «тездету» жолын іздестіру қажеттігін болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қадағалау.

2.     Электронды салықтық қызмет көрсету санын жоғарлату, салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және дамыту жолымен салық қызметі мен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынасты азайту. Қазіргі таңда 90 %-дан аса  салық төлеушілер салық органымен құжаттарды электронды түрде алмасу арқылы көптеген мүмкіндіктерге ие болып отыр. Мысалы: салық төлеуші  өз кеңсесінде отырып  салық есептілігін тапсыруына, дербес шоттарын көруге және салық органы жіберген хабарламаларды  алуына болады.

3.    Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің жалақысын көтеру,еңбек шарттарын жетілдіру және салық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін ынталандыру мақсатында сыйақы тағайындау жүйесін жасау. Бұл бағыттың іске асырылуы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік берері сөзсіз.

 Қазіргі кезде Алматы қаласы  Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясын орындау мақсатында «бір терезе» қағидасы бойынша  мемлекеттік қызметтер көрсететін ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары жұмыс жасайды. Атап айтсақ:

1)    заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы;

2)    жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы;

3)    жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы;

Басқармамызда   сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар аударылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен  байланысты іс-шаралар жүзеге асырылады және салық қызметкерлері арасында  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің  рухани  бейнесін көтеру үшін жұмыстар, яғни мамандар арасында сұхбат жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарының орын алуымен байланысты сыбайлас жемқорлық мәлімдемелері бойынша видеоматериалдарды салық қызметкерлеріне көрсету негізінде жұмыстар іске асырылады.Сондай-ақ мемлекеттік кірістер басқармасының салық қызметкерлерінің еңбектік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды орындауын бақылау мақсатында басқарма ғимаратында  ұсыныстарға, шағымдарға арналған кітаптар мен жәшіктер орнатылған.

Қазіргі кезде салықтық қызметтердің сапасын арттыру міндеттерінің және сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясының негізгі бағыттарының бірі электронды қызмет көрсетулерді көбейту және жетілдіру болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік кірістер басқармасының  салық төлеушілердің салықтық есептіліктерін электронды түрде өткізуге арналған  «Салық төлеушілер терминалы» жұмыс жасайды. Бұл терминалдардың болуы салық төлеушінің уақытының үнемделуіне  және салық инспекторымен тікелей қарым-қатынастың шектелуіне мүмкіндік береді.

 Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз. Біздің  елімізде бұл  қасіреттің  жайлауына орын жоқ. Сондықтанда  сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі әлем елдерінің тәжірибесін  басты назарға алып және оны қолданысқа енгізу барысында аталған жағымсыз құбылысқа қарсы тұру арқылы  еліміз қауіпсіз болмақ.     

 

 

Автор: Түрксіб ауданы бойынша ақпараттық технологияларының бөлімінің жетекші маманы Әшімақын Ж.Т.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!