Мемлекеттік кірімтер комитетінің құрылуына 5 жыл

  • 31.07.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 783
  • |
  • 0

Дата письма 31.07.2019

Мемлекеттік кірімтер комитетінің құрылуына 5 жыл

 

Қаржы жүйесінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процестеріндегі рөлі маңызды, себебі оның аясында салық жинаудан бастап шығыстарды қаржыландыруға дейінгі міндеттер қамтылады.

Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы салық қызметі қоғам талабына сай жетілдіріліп, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз етуге мүдделі бірден бір беделді мемлекеттік органға айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 6 тамызындағы №475 жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа реформа жүргізілді. Сол жылғы 15 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №933 Қаулысымен қалдырмауды көздеген қадам. Барлық қаржы ағымын бақылауда ұстау, көлеңкелі экономиканы болдырмау саланың өз ішінен жүргізілуі тиіс деген ұстаным, бұрынғы салық, кеден және қаржы полициясының экономикалық қылмыстармен күресу бағытын біріктірген жаңа құрылым – Мемлекеттік кірістер органдарының тарихы басталды. Салық және кеден саласын біріктірудегі негізгі мақсат – қазақстандық тауарлар мен қызметтердің, сонымен қатар еліміздің шекарасынан кірген әрбір тауардың соңғы тұтынушысына сатылуына дейінгі аралықтағы барлық қозғалысын, яғни сол тауарға салынатын салықтың түгелдігін бақылау. Ал енді қаржы және экономика саласындағы құқық қорғау құзыреті бар үшінші саланы қосу салықтан жалтаруға мүмкіндік бермейді.

Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге өз дәрежесінде ықпал етіп, мемлекеттік қызметтің заманауи деңгейіне көтерілу үшін мемлекеттік кірістер органдары әлемдегі озық үлгідегі стандарттарға бой түзейді. Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, салықтық, кедендік әкімшілендірудің тиімділігі мен кәсіпкерге қолайлы жағдай жасаудың арасындағы ең ұтымды балансты ұстануды мақсат тұтады.

 

 

Автор: Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы Сейсенов А.А.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!