Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі
- Налогообложение в Казахстане
- Налогообложение в мире
- О налоговых программах
- СМИ о нас
- Статьи гос. органов
- 18.09.2026
- |
- 0
- |
- 219
- |
Дата письма 16.09.2026
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі
Мемлекеттік баж – азаматтар мен заңды тұлғалар түрлі заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау кезінде төлейтін міндетті төлемдердің бірі. Мемлекеттік баж – уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, оның ішінде құжаттарды, олардың көшірмелері мен түпнұсқаларын бергені үшін бюджетке алынатын міндетті төлем. Мысалы, мемлекеттік баж сотқа жүгінген кезде, нотариаттық әрекеттер жасау кезінде және заңнамада көзделген басқа да жағдайларда төленеді. Алайда кейбір жағдайларда төленген мемлекеттік бажды толық немесе ішінара қайтаруға заңнама мүмкіндік береді.
Қандай жағдайларда мемлекеттік баж қайтарылуы мүмкін?
Салық кодексінің 120-бабында мұндай жағдайлардың бірқатары қарастырылған.
Мысалы, заңда көзделген жағдайларда:
- мемлекеттік баждың артық төленген сомасы;
- сот ісінің татуласу келісімімен аяқталуы;
- медиация тәртібімен аяқталуы;
- партисипативтік рәсіммен аяқталуы;
- талап қоюды, өтінішті немесе шағымды қайтару;
- талап қоюды немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту;
- нотариустың немесе нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті тұлғаның нотариаттық әрекет жасаудан бас тартуы;
- заңда көрсетілген жағдайларда іс жүргізудің тоқтатылуы;
- талап қоюдың қараусыз қалдырылуы;
- кассациялық шағымның қайтарылуы
сияқты жағдайларда мемлекеттік бажды қайтару мәселесі туындауы мүмкін.
Бірақ әрбір жағдайдың өзіндік құқықтық шарты бар екенін атап өткен жөн.
Сондықтан тек «сот ісі аяқталды» деген себептің өзі автоматты түрде мемлекеттік баж қайтарылады дегенді білдірмейді.
Мемлекеттік бажды қашан қайтаруға болады?
Салық кодексінің 120-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, тиісті мемлекеттік орган заңдық мәні бар іс-әрекеттің жасалмағанын растаған жағдайда, төленген мемлекеттік баж сомасы артық төленген болып танылады. Бұл төлеуші қажетті құжаттарды ұсынғанға дейін мемлекеттік қызметті алудан немесе заңдық мәні бар іс-әрекетті жасаудан бас тартқан жағдайларға қатысты. Мемлекеттік бажды қайтару үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер басқармасына салықтық өтінішпен және қайтарудың заңдылығын растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатымен жүгінуі қажет. Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік бажды салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады. Мемлекеттік бажды қайтару туралы өтінішті оны бюджетке төлеген күннен бастап үш жыл ішінде беруге болады. Мемлекеттік кірістер басқармасы өтініш беруде қайтаруды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатының міндетті екенін атап көрсетеді. Себебі заңдық мәні бар іс-әрекеттерді уәкілетті органдар жүзеге асырады, ал төлем құжатында төлемнің мақсаты туралы толық ақпарат көрсетілмейді.Сонымен қатар мемлекеттік баж талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан, талап қою талаптарының мөлшерін азайтқан, сондай-ақ сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылуға жатпайды.
Қай жағдайда мемлекеттік баж қайтарылмайды?
Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында мемлекеттік баждың қайтарылмайтын нақты жағдайлары көрсетілген.
Оларға: біріншіден – талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан жағдайда;
екіншіден – талап қоюшы өз талаптарының мөлшерін азайтқан жағдайда;
үшіншіден – сот бұйрығының күші жойылған жағдайда төленген мемлекеттік баж қайтарылмайды.
Сондықтан бұл үш жағдайды есте сақтаған дұрыс.
Мемлекеттік бажды қайтару үшін не істеу керек?
Мемлекеттік бажды қайтару автоматты түрде жүзеге асырылмайды. Қайтару заңда белгіленген негіз болған жағдайда тиісті салықтық өтініш негізінде жүргізіледі. Бұл ретте өтініште қажетті мәліметтер көрсетіліп, қайтаруға негіз болатын құжаттарды қоса берілуі тиіс.
Қандай құжаттар қажет?
Құжаттардың нақты тізімі мемлекеттік баждың қандай жағдайға байланысты қайтарылатынына тікелей байланысты.
Жалпы жағдайда:
- мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәлімет немесе құжат;
- қайтаруға негіз болатын сот актісі немесе басқа да құжат;
- салық төлеушінің қажетті деректемелері;
- банк шоты туралы мәліметтер қажет болуы мүмкін.
Сондықтан әрбір нақты жағдай бойынша құжаттар тізімі жеке анықталады.
Автор: Сарайшық ауданы бойынша МКБ, Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы Жақай Айкерім
Комментарии