М Е М Л Е К Е Т Т І К Қ Ы З М Е Т К Е Р Л Е Р Д І Ң С Ы Й А Қ Ы Д Ә М Е Т У І - Ж Е М Қ О Р Л ЫҚ

  • 09.09.2019
  • |
  • 1
  • |
  • 1147
  • |
  • 0

Дата письма 09.09.2019

М Е М Л Е К Е Т Т І К       Қ Ы З М Е Т К Е Р Л Е Р Д І Ң С Ы Й А Қ Ы     Д Ә М Е Т У І -   Ж Е  М Қ О Р  Л ЫҚ

  

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы» Заңының негізгі  ұғымдарында; «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың сондай-ақ соларға  теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және  соған байланысты мүмкіндіктерін  пайдалана отырып не мүліктік пайда  алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі  немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар  алуы, сол сияқты  бұл  адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды  құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп  ұғынылады» делінген.

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері   қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілігін ескере отырып және мемлекеттік кірістер  органдары қызметкерлері арасында тәртіпті, заңдылықты сақтауды одан әрі нығайту мен адамгершілікке, этикаға, моральдық келбетке қойылатын талаптарды жандандыру мақсатында  Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары қызметкерлерінің  кәсіптік этика кодексі бекітілген.

Этика Кодексі ҚР Конституциясының нормаларына және «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген мемлекеттік қызметтің, ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің «Ар-Намыс» кодексінің негізгі қағидаттарына, сондай-ақ Салық Кодексі мен басқа да  нормативтік құқықтық кесімдердің ережелеріне негізделген.

Сыбайлас  жемқорлыққа жағдай  туғызатын құқық  бұзушылыққа жол бермеу мақсатында   мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері:

Қазақстан Респбупликасының  қолданыстағы  заңы  шеңберінде салық төлеушілерге уақытылы қызмет көрсетуге және талаптарына  анық және нақты  түрде тиімді,  сапалы  көмек көрсетуге;

салық төлеушілерге көрсетілген  мемлекеттік қызметкердің мерзімін сақтауға және сапасын арттыруға;

кез-келген жағдайларда салық төлеушілерге сабырлықпен және кұрметпен қарауға;

салық төлеушілерге  салық міндеттемелерін өз еркімен және уақтылы  орындау үшін ақпарат беруге;

салық төлеушілерге селқос, дөрекі және салқын қарауға жол бермеуге;

шыққан тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сенім-нанымына, тұратын жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша  салық төлеушілерді кемсітпеуге;

салық төлеушілердің өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге;

Қазақстан Рсепубликасының  заңында  белгіленген жағдайларды қоспағанда салық төлеушілерден мемлекеттік қызмет  көрсеткені үшін сыйақы талап етпеуге міндетті.

Автор: Кеден одақ шеңберіндегі жанама салықтарының әкімшілік ету бөлімінің бас маманы С.Парманова

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!