Ұлт жоспары жүз нақты қадам бағдарламасының кеңістігіндегі салықтық жүйе

  • 29.10.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1299
  • |
  • 0

Дата письма 29.10.2018

Ұлт жоспары жүз нақты қадам бағдарламасының кеңістігіндегі салықтық жүйе

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында мемлекетімізде салық жүйесінің халыққа оңтайлы болуы үшін қарастырылған бірнеше қадамдар қарастырылды. «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты салықтық әкімшілік жүргізуді оңтайландыру мәселесіне ерекше басымдық берді. Елбасы аталмыш мақаласында алдағы уақытта «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие болады», деп атап көрсетеді. Осыған байланыс­ты біз төменде еліміздің салық жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен даму бағыттарына тоқталып өтпекпіз.  Керімбек Ғалымжан Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, ширек ғасырға аяқ басты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Салықтар мемле­кет­тің саяси және экономикалық қыз­мет­терін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Ол мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Қазақстан Республикасы салық жүйе­сінің өзіндік бір ерекшелігі бар. Мәсе­лен, Германияда салықтың 50 түрі, біздің елде 13 түрі бар. Өйткені, салық­тың басқа төлемдерден ерекше еке­ніне байланысты оған арнайы мәрте­бе беріп отырмыз. Салықтар және бас­қа да бюджетке төленетін міндетті төлем­дер­ді қоссақ, яғни салықтың 13 түрі, алым­дар­дың алғашқыда 13, қазіргі кезде 6 түрі, 9 төлемақы, мемлекеттік баж, кеден төлемдері, консулдық алымдардың барлығы 50-ге жақындап қалады. Нарықты экономика мен мем­лекет­тiң салық саясатының негiзгi мақсаты бюджеттiң кіріс бөлiгiн қаржы ресурс­тарымен қамтамасыз ету болып табылады. Ал салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесiн құру және оның тиiм­ді қызмет етуiне мүмкiндiк беретiн са­лық тетігін iске асыру. Салық жүйесі өз алдына сала бо­лып қалыптасуы үшін, біршама қиын­дықтарды бастан кешіре отырып, көп­теген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Міне, осындай жан-жақты даму мен толықтырудың нәтижесінде еліміздің салық жүйесі жетілдіріліп келеді. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында мемлекетімізде салық жүйесінің халыққа оңтайлы болуы үшін қарастырылған бірнеше қадамдар қарастырылды, атап айтқанда:

37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту;

39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады;

42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу.

43-қадам. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.

44-қадам. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.

45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы Қолданыстағы салық режімін оңтайландыру.

2016 жылдан бастап, 2017 жыл мен алдағы жылдарды қоса алғанда ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолдануға шаруа немесе фермер қожалықтары да ие болды, тағы да бір айта кетуге тұратын ерекшелігі - ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолдануға көшкен шаруа немесе фермер қожалықтары әлеуметтік салықты бұрынғысынша Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанында №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Заңының (2016 жылдың 28 желтоқсанында №34-VI Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) 356 бабының 4-тармақшасына, оның ішінде 445-447 баптарға сай Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

          Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

          Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

Айта кететін жәйт, бұған дейін атаулы арнайы салық режимін тек ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын заңды тұлғалар ғана қолдана алатын еді, ол салық режимін енді шаруа немесе фермер қожалығы да қолдана беретін болады.                                                               

 

Автор: Ведущий специалист юридического отдела Барахан Ұ. Управления государственных доходов по Алатаускому району г. Алматы.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!