«Корпоративті табыс салығы»

  • 22.11.2019
  • |
  • 1
  • |
  • 9044
  • |
  • 0

Дата письма 22.11.2019

«Корпоративті табыс салығы»

 

Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едәуір орын алады.

Корпоративті табыс салғының төлеушілері:

      1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және ол бойынша аванстық төлемдерді есептейді.

      Корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:

      1) салық салынатын кіріс;

      2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;

      3) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі.

         Салық салынатын кіріс жылдық жиынтық кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жылдық жиынтық кіріс

      1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

      Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады.

      Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 651-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.

Салық ставкасы

      10 % - ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың салық салынатын табысына қолданылады;

      20% - жалпыға ортақ салық режимін қолданатын заңды тұлғалардың салық салынатын табысына қолданылады;

      15% - төленген кіріс сомасына қолданылады. Кірістердің кейбір түрлері төлем көзінен салық салынатын болады. Оларға, дивидендтер, бейрезидент тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістер, заңды тұлғаларға төленетін сыйақы және басқалар жатады. Салық кірістерді төлеу нысаны мен орнына қарамастан табыс төлеу кезінде төлем көзінен ұсталады, әдетте, төлем жүргізілген ай аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Салық кезеңі. Корпоративтік табыс салығы есептеу кезеңі күнтізбелік жыл (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін).

Салық декларациясын өткізу мерзімі.  Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Салық төлеу мерзімі. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы кірістер басқармасының бас маманы Рысбекова Айдана Ерболатқызы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!